ойын сауық отауы
Лечо салаты
01.10.2016 20 676 0 Admin

Лечо салаты

Ас дайындау
Қызанақ (помидор) – 2кг
Сәбіз - 1 кг
Бұрыш (перец) – 1кг
Пияз – 1кг
Қант – 200 гр
Тұз – 1-1,5 ас қасық
Май – 200 гр
Ашты бұрыш – 1бас
Сарымсақ (чеснок) – 3-4 тал
Дәмдеуіштер: аскөк (укроп), райхан (базилик), лавр жапырағы


Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш етіп тураңыз. Сарымсақты, ашты бұрышты майдалап тураңыз. Өлшеп алған майды қазанға құйыңыз қызғаннан соң, пиязды салып аздап қуырыңыз, аздан соң бұрышты сонан соң сәбізді салып әбден араластырыңыз майға әбден араласқан соң, үстінен дайын тұрған қызанақтан дайындаған шырынды құйыңыз. Сөйтіп қатты бір қайнап шыққан соң сарымсақ, ашты бұрышты, шекер, тұзды салыңыз, отты басып қойып 30-40 минуттай қайнатыңыз. Жиі қозғап араластырып тұрыңыз, сәбіз, пияз жұмсарғанша қайнауы керек. Дайын болғанға дейін 5 минут қалғанда дәмдеуіштерді салыңыз. Банкіні булап (стерилизация) алып жаба бересіз.

Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады) Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек.
Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру. Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру.
Қыстық азық дайындау. Бұл салатты ет, балық өнімдеріне гарнир ретінде ұсынуға болады сонымен бірге жолға азық ретінде салып алуға ыңғайлы. Кейде
Фаршталған бұрыш (фаршированный перец) Фаршталған бұрыш (фаршированный перец)
Алдымен бұрышты жуып тазалап түп жағын кесіп, ішін тазалап алыңыз.
Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты
Көкөністерді тазалап жуып алыңыз. Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураңыз, сәбізді ұзынша етіп тураңыз (теркадан өткізуге де болады).
Десятка. Баклажаннан жасалған салат Десятка. Баклажаннан жасалған салат
Барлық көкөністерден 10 данасын алып, жуып-тазалау қажет. Түбін, бас жағын кесіп алып тастаңыз да барлығын ірі етіп тураңыз. Егер пияз ірі болса 4
Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат Қырыққабаттан (капуста) жасалған салат
Барлық көкөністерді жуып тазалап алып, сәбізді теркадан өткізіңіз (соломка), капустаны, тәтті бұрышты, пиязды жіңішке ұзынша етіп тураңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×