ойын сауық отауы
Сиыр қабырғасын пеште пісіру
04.11.2016 2 477 0 Дауыл

Сиыр қабырғасын пеште пісіру

Ас дайындау
Сиыр қабырғасы – 800 - 1000гр

Сиыр қабырғасын маринадтау үшін:
Соя соусы – 2 ас қасық
Томат – 1 шай қасық
Сұйық май – 2 - 3 ас қасық
Сарымсақ – 2 түйір
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – дәміне қарай
Қара бұрыш – дәміне қарай


▪ Алдымен етті жуып, кіші бөліктерге бөліп алу керек.
Маринадты дайындау.
▪ Соя соусы, томат, сұйық май, шекер, тұз, қара бұрыш, езілген немесе майда туралған сарымсақты салып араластыру керек.
▪ Дайын болған сұйықтықты қабырғаның үстіне құйып әбден тегіс жағылғанша араластырып, бетін жауып екі сағатқа қалдыру керек.
▪ Екі сағаттан соң қабырғаны ет пісіруге арналған целлофанның ішіне салыңыз, сұйықтықтың қалғанын құймаңыз, соңында керек болады. Табаға салып, 180 градус пеште 40 минут пісіру қажет.
▪ 40 минуттан соң қабырғаны пештен шығарып целлофанды шешіп алып тастаңыз да, қабырғаны табаның ішіне салып, алдында қалған сұйықтықты қабырғаның бетіне жағып тағы 10 минуттай пешке қойыңыз.
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра

Өзіңіз білетін тағам түрлерінің рецептін басқалармен бөлісуіңізге болады, сайтта жарияланады, поштаға жіберуге болады: bilimdiler@yandex.kz

Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом) Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 - 3 - ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Тауық етін пеште пісіру Тауық етін пеште пісіру
Тауықтың екі сан етін жуып алған соң кептіріп 6-7 бөліктерге бөліп алыңыз. Қалауыңызша тұз сеуіп қойыңыз.
Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап пісіру Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап
Ең алдымен көкөністерді тазалап, тез пісетіндей майдалау етіп турап, табаға май құйып 2-3 минут қуырып отты жай басып 10-15 минут бұқтырып қойыңыз.
Бәліш (пирожки) Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Котлет Котлет
Ең алдымен нанды майдалап турап сүтке салып жібітіп қою керек. Пиязды қабығынан тазалап жуып алып, төртбұрышты етіп майдалап турайды.
Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан. Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан.
Күріш – 200 гр Ет – 150 - 200 гр Пияз – 1 бас Болгар бұрышы – 2 бас (қызыл, көк)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×