ойын сауық отауы
Бал қосылған торт (Торт медовик)
28.12.2016 9 399 0 Дауыл

Бал қосылған торт (Торт медовик)

Ас дайындау
Торт медовик. Бал қосылған торт
Қамыр құрамы:
Ұн - 400 грамм
Бал (мёд) - 500 грамм
Сары май (масло сливочное) - 125 грамм
Жұмыртқа - 3 бас
Көпсіткіш (разрыхлитель) - 10 грамм
Ванильді қант (сахар ванильный) - 10 грамм
Лимон қабығы үгіндісі – 1 шай қасық


Бұл тортты дайындау үшін қамыр қоймалжың болуы шарт.
▪ Ең алдымен ұнды електен өткізіп көпсіткішпен араластырамыз.
▪ 3 жұмыртқаны алып ағынан сарысын бөліп аламыз.
▪ Балды ыдысымен ыстық су буына қойып ерітіп аламыз үстіне 125 грамм сары май салып ерігенше араластырамыз. Оның үстіне жұмыртқаның сарысын және лимон үгіндісін салып тағы араластырамыз.
▪ Бөлек ыдыста жұмыртқаның ағын көпіршік болғанша миксермен араластырамыз. Араластыру үстінде ванильді қантты саламыз.
▪ Електен өткізіп дайындап қойған ұнның үстіне балдан дайындалған қоймалжыңды және жұмыртқа ағынан дайындалған қоймалжыңды араластырып қоймалжың қамыр дайындаймыз.

Табаның ішіне арнайы қағаз төсеп маймен майлап, сұйық қамырды тегістеп салып қызып тұрған пеште (180 градус) 7 - 10 минут пісіреміз. Бұл дайындалған қоймалжыңнан 4 - 5 шелпек шығады. Шелпектерді 2 - 3 сағат суытып қоямыз.

Крем құрамы:
Қаймақ майлылығы 30% - 1 килограмм
Шекер - 400 грамм
Ванильді қант - 10 грамм


▪ Қаймақ, шекер, ванильді қантты салып миксермен жақсылап араластырамыз.

Дайын шелпектерді қалаған пішінде кесіп дайындап алған соң арасына кремді қалыңдап жағып, шелпектерді жинап шығамыз. Сыртына үгінділерді себеміз. Тортты біраз уақыт салқын жерге шығарып қойған дұрыс.

Дайындаған: Жадыра

Ет қосып пісірілген бәліш Ет қосып пісірілген бәліш
Үлкен ыдысқа сары майды ерітіп салыңыз, қаймақ, жұмыртқа, тұз салып араластырыңыз.
Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт
Үлкен ыдысқа жұмыртқа, шекер, бал, сары майды салыңыз, жаңғақты да майдалап салыңыз, ұнды аз-аздан салып тұрып, өте жұмсақ қамыр илеңіз.
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Наполеон торты Наполеон торты
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз.
Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом) Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом)
Сүзбені үлкен ыдысқа салып жұмыртқа, шекер, ванилинді салып барлығын жақсылап араластыру керек (блендермен араластырса дұрыс).
Наполеон торты Наполеон торты
Үлкен табаққа сүтті құйыңыз, жұмыртқа, тұз, шекерді салып араластырыңыз да ұнның жартысын салып қасықпен қою болғанша араластырыңыз содан соң соданы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×