ойын сауық отауы
Күрең шай
25.04.2017 2 760 0 Дауыл

Күрең шай

Ас дайындау / Бұл қызықты
Күрең шай
Қазақ дастарқандағы шайдың орны өз алдына бір төбе. Шай ішу қазақ халқының өмірінде өте байырғы дәстүр - салтымен ұштасып жатыр. Егерде қазақша шайды еске алсақ, онда көз алдымызға екі иығынан дем алып қайнап тұрған сары самаурын, алтын түс жез шәйнек, хош иісі бұрқыраған ақ құмандағы шай, кең дастарқандағы қызыл күреу бауырсақ, ақ ірімшік, құрт, қарт, тәттілер, қаймақ бал татыған шайды елестетеміз. Қазақ салтында шай құю тек қыз - келіншектің еншісіне тиіс нәрсе. Шай жасау, шай құю да өнер «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Қыз - келіншектердің көргенділігін, мәдениеттілігін және үй іші тәрбиесін қазақта осы шай ішуден бастап сынау бар. Кісіге дұрыстап өз мәнінде шай құйып беру ұстамдының, ибалының, көргендінің, өнегелінің ғана қолынан келеді.
Жас келін ондаған шыны аяққа бір мөлшерде шеберлікпен шай құйып, кісілердің кеселерін өздеріне ұсынғанда ауыстырмай тап басып, дәл беріп отыруы тиіс. Шайды ішіп болғанына ишарат білдірсе қонағына тағы да сый аяқ ұсыну бар. Ал жаңағы ондаған шай құйылған шыны аяқтарды, кеселерді иелеріне ауыстырмай, ұсынып отыру бір жағынан зерделілік болса, екінші жағынан гигиеналық мәні бар екеніне ешкім дау айта алмас.
Шай құю мәдениетті дегеннен шығады, ұлы суреткер Мұхтар Әуезов Оңтүстік сапарында елдің сый - сияпаттарына, қонақжайлылығына разы бола жүріп, бір үйде шай үстінде сәл қабақ шытып қалса керек. Бақса, шай құюшы келіншек әуелі кесеге шай құйыпты да, сонан соң ғана сүт қатыпты. «Бәлі, қазақ шайды бұлай баптамас болар еді»,- десе керек Мұқаң. Әуелі сүт қатып, сосын барып шай құйылатындығын, сонда ғана сүттің шайды жақсы үйіретіндігін бір ескертуі етіп, шай берудің үлкен өнер екендігін тіпті қазақтай шайшыл, һәм шайды бабымен беретін елді аз кездестіргенін, әлемнің қай елімен салыстырсақ та өз ұлттық дастарқанымыздың тең түспесе, кем түспейтінін ұзақ сыр хикая етіп шертеді.
Қазақ шай - су берген кісісіне ниет, көңілін де бірге береді. Сондықтан әсіресе жас отау иелері шай беру мәдениетіне ерекше назар аударып, лайықты дәстүрге айналдыру құптарлық жай.

Ибола Сариев «Дәстүрдің озығы бар» жинағынан алынды

Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар.
Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам
Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам рецепті.
Қазақ халқының тағам ұсыну тәрбиесі Қазақ халқының тағам ұсыну тәрбиесі
Қазақ халқының кісі сыйлау, үйге келген кісінің қолына су құйып, ас - тағам ұсынуының өзінен үлкен адамгершілік пен мәдениеттілік қасиетімен
Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар
Ас – адамның арқауы, Жаман ауруға – жақсы ас, Ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.
Қазақтың ұлттық тағамдары. Ескен Елубаев Қазақтың ұлттық тағамдары. Ескен Елубаев
Қазақтың ұлттық тағамдары, Жасымнан жақын маған бәрі. Теңгермес ем оларға мен, Ешбір асты жаһандағы.
Жас келін Жас келін
Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал - шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×