ойын сауық отауы
Таңқурай (Малина) тосабының рецепті
08.07.2018 5 245 0 Дауыл

Таңқурай (Малина) тосабының рецепті

Ас дайындау
Малина вареньесі
Таңқурай тосабының рецепттері
Бұрыннан келе жатқан классикалық рецепт.

Бұл тосаптың дәмі ерекше әрі қою болуымен ерекшеленеді. Оны дайындау үшін әдеттегіден ұзақ уақыт жұмсалады. Тосапты дайындау үшін әрине, таңқурай жемісі қажет. Олар бақшадан жаңа терілген болуы қажет. Таңқурайдың басқа жемістерден айырмашылығы ұзақ сақтауға келмейді, уақытында пайдаланбасаң тез бұзылады. Жемістің мөлшері қанша болса, шекерді сонша салу қажет.
Таңқурай – 2 кг
Шекер – 2 кг

Жемісті жуып тазалап алғаннан соң, эмалды ыдысқа жемісті салып шекердің жартысын салыңыз да 2 - 4 сағатқа салқын жерге қалдырыңыз, сол уақытқа дейін сөлі шығады. 3 сағат өткен соң отқа қойыңыз, қайнап шыққан соң оттан түсіріп ертеңге дейін қалдырыңыз. Ертеңгісін қайта отқа қойыңыз қайнап шыққан соң, шекердің қалғанын салып жақсылап араластырыңыз шекер толық ерігенше. Сонан соң, таза жуылып стерилденген банкаларға құйып жаба беруге болады.
Ескерту: Банканы содамен ысқылап жуып кептіріңіз, стерилдеңіз (булау), қақпақты ыстық сумен жуып сүртіңіз.

Бес минутта дайындалатын таңқурай тосабы.
Бес минуттық деп аталуына қарай бұл тосап 5 ақ минут қайнатылады. Бұл рецепт пештің қасын айналшықтап көп жүргісі келмейтін ханымдар мен ханшайымдарға арналған деуге болады. Сонымен қоса, бұл рецептпен дайындағанда жемістің құрамындағы пайдалы дәрумендер өзінде сақталады, сонысымен пайдалы деуге болады.
Таңқурай – 2 кг
Шекер – 1 кг

Кез келген тосап қайнатқанда эмалды ыдыс пайдаланған жөн. Жемістерді тазалап алған соң, суы құрғауы үшін дуршлагқа салып қойыңыз. Суы құрғағаннан кейін жұқалап жемістерді салыңыз да үстінен шекерді себіңіз, осылай түгел салып шығыңыз. Салқын жерде 1 сағатқа қалдырыңыз. 1 сағаттан соң отқа қойыңыз, отты жай қойып шекер түгел ерігенше қозғап, 5 минут қайнатыңыз.

Қайнатылмай дайындалатын таңқурай тосабы.
Таңқурай - 1 кг
Шекер - 2 кг

Таңқурай тосабының тағы бір пайдалы түрі – қайнатпай дайындау. Таңқурай мен шекерді араластырып салқын жерде сақтау. Мұны тосап деуге болмас, алайда мұнда жемістің құрамындағы бүкіл дәрумендер толық сақталады. Қайнатылмаған тосап ұзақ әрі дұрыс сақталуы үшін көбірек шекер қажет. 1 кг таңқурайға 1, 5 - 2 кг шекер қажет болады.
Құлаққағыс: Біреулер таңқурайды жуып қажеті жоқ десе, біреулер керісінше тазалап жуу қажет дейді. Егер жемістер таза емес десеңіз, төмендегідей жуып, тазалау әдісін пайдаланыңыз.
Жемісті жапырақшаларынан ажыратып алған соң, салқын суға 1 шай қасық тұз салып жіберіңіз де жемістерді салып, 10 минутқа қалдырыңыз. Тұздың әсерінен жемістердің арасында майда насекомдар болса судың бетіне қалқып шығады. Сонан соң, бірнеше рет салқын сумен шайып жіберіңіз.
Таңқурайды эмалды ыдысқа салыңыз үстіне шекерді салып 3 сағатқа салқын жерде қалдырыңыз. Тотығу процесі болмас үшін, темір қозғағышпен қозғамаған жөн! Ағаш қозғағышпен жақсылап араластырыңыз. Шекері жақсылап ерігеннен соң, стерилденген таза банкаларға құйып, бетін резиналы қақпақпен жауып салқын жерге шығарып қою қажет. Банкаларға тосапты құйғанда бетіне 1 ас қасық шекер салып қою қажет сонда бетінде көгеру пленка тұрмайды.

Үйдегі бақшадан терілген таңқурай тосабы.
Үй жемісінен дайындалатын бұл тосапқа:
Таңқурай – 1 кг
Шекер – 1 кг
Су – 200мл

Эмалды кастрөлге суды құйыңыз да шекерді салып отқа қойыңыз. Шекер толық ерігенше ағаш қозғағышпен қозғаңыз. Шекер толық ерігенде таңқурайды салыңыз да 15 - 20 минут қайнатыңыз. Тосаптың дайын болған, болмағанын тәрелкеге тамызып көруге болады. Дайын болған соң, стерилденген банкаларға құйып, жаба беруге болады.

Таңқурай жемісінің пайдасы.
Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар, С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.

Тосап (варенье) Тосап (варенье)
Кез келген жемістің дәрумені өзінде сақталып қалсың десеңіз 5 минут қайнатсаңыз жеткілікті. Осы тәсілмен құлпынай, таңқурай, шие жидектерінен тосап
Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы.  (Абрикосовое варенье без варки ягод). Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы.
Өріктен дайындалатын бұл тосап қайнатылмайды. Яғни, жеміс қайнатылмайды оған қосылатын шекер мен судан дайындалған сиропты бірнеше қайнатып жемістің
Құлпынай компотын дайындау (қысты күнге сақтау үшін) Құлпынай компотын дайындау (қысты күнге сақтау
Құлпынай нәрсуы (Клубника компоты). Құлпынай компотын дайындау өте оңай. Мұнда жеміс қайнатылмайды, қайнаған су екі қайтара құйып жабады.
Құлпынай тосабы Құлпынай тосабы
Құлпынай вареньесі. Құлпынайды тазалап жуып, езілгендерін алып тастау қажет.
Томат (тұздық) дайындау Томат (тұздық) дайындау
Томат (тұздық) дайындау
Қияр тұздау Қияр тұздау
Қиярды жаппас бұрын барлық керегіңізді дайындап алу қажет. Мысалы: Суы кеуіп құрғап тұру үшін банкіні содамен ысқылап, тазалап жуып-шайып төңкеріп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×