ойын сауық отауы
Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
22.07.2018 5 850 0 Дауыл

Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)

Ас дайындау
Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Құрамы:
Қияр - 3 кг.
Қызанақ - 1, 5 кг.
Пияз - 500 гр.
Болгар бұрышы - 500 гр.
Сарымсақ (чеснок) - 100 гр.(2 бас)
Шекер - 100 гр. (4 ас қасық)
Тұз - 60 гр.(2 ас қасық.)
Сірке қышқылы (уксус 9 % ) - 60 гр.
Қара бұрыш (горошек) - қалауыңызша
Майда қара бұрыш (чёрный молотый перец) - 1 шай қасық
Сұйық май - 250 гр.


Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек. Пиязды майдалап тураңыз. Қиярды дөңгелектеп аса қатты жұқа қылмай тураңыз.
Кастрөлге немесе қазанға майды құйыңыз.
Әлгінде езіліп, туралған көкөністердің бәрін құйыңыз да (қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақ, пияз) отқа қойыңыз 5 минут сайын қозғап тұрыңыз әйтпесе түбі күйіп кетеді.
Қайнап шыққан соң, отты бәсеңдетіп 10 минут қайнатыңыз. 10 минуттан соң қиярды әлгі қайнап жатқан томаттың үстіне саламыз. Жақсылап араластырамыз да 10 минуттай қайнатамыз сонан соң дәмдеуіштерді саламыз (тұз, шекер, сірке қышқылы, қара бұрыш т. б). Дәмдеуіштерді салғаннан кейін және 5 минуттай қайнатамыз. Салатты банкілерге тездетіп салып, жаба береміз.
Банкіні жуып тазалап стерилдеу керек, қақпақты да ыстық суға жуып кептіріп алдын ала дайындап қойыңыз.
Дайындаған: Жайна

Алма қосылған аджика Алма қосылған аджика
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген
Көк помидордан қыстық салат дайындау Көк помидордан қыстық салат дайындау
Қызанақты жеуге ыңғайлы етіп турау, қалыңдығын 2 мм. Тұз сеуіп жақсылап араластырып қою.
Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка") Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка")
"Қыстың қамын жаз ойла» - деген аталы сөзге құлақ асатын апа - әпкелеріміз қытымыр қыстың дайындығына кірісіп кеткен де болар. Әр үйден табыла
Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне дайындық) Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне
Баялдыны турап, тұзды суға салып қойыңыз, аштысын кетіру үшін 30 минуттай тұрсын. Сонан соң салқын сумен жақсылап жуып жіберіңіз. Баклажанды
Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом) Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 - 3 - ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×