ойын сауық отауы
Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы)
29.07.2018 4 673 0 Дауыл

Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы)

Ас дайындау
Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы)
Құрамы:
Фарш – 500 гр
Күріш – 100 гр
Жұмыртқа – 1 бас
Пияз – 2 бас
Сәбіз – 2 бас
Қырыққабат (капуста) – 200 гр
Томат пастасы – 2 ас қасық
Майда қара бұрыш – 1 шай қасық
Сұйық май – жарты ожау (қуыру үшін)
Паприка, сарымсақ – қалауыңызша
Тұз – 2 шай қасық
Су – 700 - 800 гр
Көкшөп – дәміне қарай


Тұздық (подлив):
Табаға май құйып пияз бен сәбізді 2 минуттай қуырыңыз. Мұның жартысын фаршқа қосыңыз. Табадағы қалған сәбіз бен пияздың үстіне томат пастасын қосып тағы да 2 минут қуырып үстіне суды құйыңыз (лавр жапырағы, паприка, қара бұрыш қосуға болады) 2 минуттай қайнатыңыз, подлив дайын.
Фарш дөңгелекшелері:
Күрішті жуып, қайнап тұрған ыстық су құйып 5-7 минутқа қалдырыңыз. Фаршты үлкендеу ыдысқа салыңыз, жұмыртқа, тұз, қара бұрыш, күріш, қуырылған сәбіз бен пияздың жартысын салыңыз, қырыққабатты майдалап турап салыңыз да араластырыңыз. (қаласаңыз көкпияз, аскөк турап қосуға болады). Фаршты жақсылап араластырыңыз да майда дөңгелектер жасаңыз. Қазанның ішіне алдын дайындалған тұздықтан 1 ожау құйыңыз да фарштан жасаған дөңгелектерді қатар салып шығыңыз, үстінен тұздықтан 1 ожау құйып екінші қатар салып шығыңыз. Осылай бәрін түгел салып шығыңыз, соңынан тұздықтың қалғанын түгел құйыңыз. Отқа қойып 30 - 35 минуттай қайнатыңыз. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл

Дәмді пицца рецепті. Тез дайындалатын пицца Дәмді пицца рецепті. Тез дайындалатын пицца
Жоғарыда көрсетілген құрам бойынша қамыр дайындау қажет. Қамырды көтерілуі үшін 30-40 минтуқа қоямыз.
Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру. Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру.
Қыстық азық дайындау. Бұл салатты ет, балық өнімдеріне гарнир ретінде ұсынуға болады сонымен бірге жолға азық ретінде салып алуға ыңғайлы. Кейде
Тартылған ет пен күріштен жасалған сорпа (Суп с фрикадельками) Тартылған ет пен күріштен жасалған сорпа (Суп с
Картопты, сәбізді, қабығынан ажыратып, тазалап жуып алыңыз. Картопты сорпаға турағандай төртбұрышты етіп тураңыз, сәбізді дөңгелектеп жұқалап тураңыз.
Фаршталған бұрыш (фаршированный перец) Фаршталған бұрыш (фаршированный перец)
Алдымен бұрышты жуып тазалап түп жағын кесіп, ішін тазалап алыңыз.
Лагман (тұздық) подлив Лагман (тұздық) подлив
Лағман. Етті жұқалап, жапырақтап тураңыз. Көкөністердің барлығын қабығынан тазалап алып қалауыңызша турап дайындап алыңыз.
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×