ойын сауық отауы
Алма қосылған аджика
01.09.2018 3 082 0 Дауыл

Алма қосылған аджика

Ас дайындау
Алма қосылған аджика
Қызанақ – (помидор) - 3 кг
Алма - 1 кг (семеринка)
Пияз - 1 кг
Сәбіз - 1 кг
Болгар бұрышы - 1 кг
Ащы болгар бұрышы - 300 гр
Қызыл бұрыш - 1 шай қасық
Сарымсақ (чеснок) - 500 гр
Сұйық май - 500 гр
Шекер - 125 гр (5 ас қасық)
Тұз - 80 гр (2 ас қасық)
Қара бұрыш - 15 шт (түйіршік)
Сірке қышқылы (уксус) 9% - 60 гр


Алдымен банкаларды жуып кептіріп қойыңыз, қақпақты да ыстық суға жуып кептіріп қойыңыз.
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген көкөністерді үлкен кастрөлге құйып, сұйық майды құйып отқа қоямыз. Әр 10 минут сайын араластырып тұру керек. Қатты қайнап шыққан соң отты азайтамыз. Жай отта 45 - 50 минуттай қайнатамыз. Дайын болуына 10 минут қалғанда дәмдеуіштерді саламыз, тұз, шекерді саламыз, сірке қышқылын қоямыз. Дайын болған аджиканы стерилденген банкаларға құйып жабыңыз. Суыған соң салқындау жерге шығарып қойыңыз.
Дайындаған: Жадыра

Қиярдан әзірленген ащы салат (қыс мезгіліне дайындық) Қиярдан әзірленген ащы салат (қыс мезгіліне
Қиярдан әзірленген ащы салат қыс мезгіліне дайындық Қатты пісіп кеткен қиярды тастамай, қыс мезгіліне сақтауға ащы салат түрін әзірлеуге болады.
Көк помидордан қыстық салат дайындау Көк помидордан қыстық салат дайындау
Қызанақты жеуге ыңғайлы етіп турау, қалыңдығын 2 мм. Тұз сеуіп жақсылап араластырып қою.
Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка") Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка")
"Қыстың қамын жаз ойла» - деген аталы сөзге құлақ асатын апа - әпкелеріміз қытымыр қыстың дайындығына кірісіп кеткен де болар. Әр үйден табыла
Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады) Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек.
Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы.  (Абрикосовое варенье без варки ягод). Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы.
Өріктен дайындалатын бұл тосап қайнатылмайды. Яғни, жеміс қайнатылмайды оған қосылатын шекер мен судан дайындалған сиропты бірнеше қайнатып жемістің
Аджика рецепті Аджика рецепті
Көкөністердің барлығын қабығынан ажыратып тазалап аламыз. Қызанақты, болгар бұрышын, ащы бұрышты, сарымсақты, сәбізді еттартқыштан (мясорубка)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×