ойын сауық отауы
Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан)
30.05.2019 10 089 0 Дауыл

Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан)

Ас дайындау
Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан)
Ұн – 350 гр
Су – 150 мл
Тұз – 1 шай қасық
Сары май (жартысын қамыр бетіне жағуға, жартысын пісіруге) – 100 гр
Қара, қызыл бұрыш - қалауыңызша
Көк пияз – 1 бума (ақ пияз да қосуға болады)


▪ Алдымен ұн мен тұзды суды құйып жұмсақтау етіп қамыр илейміз.
▪ Қамырды илеп болған соң, зуала жасап 10 минутқа қалдырамыз.
▪ 10 минуттан соң жұқалап жаяу керек.
▪ Алдын ала сары майды ерітіп алыңыз, пиязды турап қойыңыз.
▪ Сары май суығаннан кейін қамырдың бетіне жағып, пиязды жұқалап сеуіп қамырды ораймыз.
▪ Кішірек бөліктерге бөлеміз.
▪ Орташа қалыңдықта жаямыз.
▪ Табаға әр күлшеге 1 қасық май құйып пісіреміз.
(Егер қаласаңыз пеште (духовка) май құймай пісіруге де болады).

Қаттама нан Қаттама нан
Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз.
Қаттама Қаттама
Үлкендеу табаққа ұнды елеп аламыз, тұзды суды ұнның үстіне құйып жұмсақтау етіп қамыр илейміз. Қамырды 5 - 10 минутқа қалдырамыз.
Ет қосып пісірілген бәліш Ет қосып пісірілген бәліш
Үлкен ыдысқа сары майды ерітіп салыңыз, қаймақ, жұмыртқа, тұз салып араластырыңыз.
Самса Самса
Етті, құйрық майды майдалап төртбұрышты етіп турап, тұз қара бұрыш қосып араластырады.
Алма қосылған бәліш (пирог) Алма қосылған бәліш (пирог)
Алма пирогы Ең алдымен ұнды елгезермен елеп алыңыз да тоңазытқышта тұрған сары майды майдалап кесіп ұнмен араластырыңыз, жақсылап араластырып алған
Бәліш (пирожки) Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×