Қазынасын тойға жиған әз халқым - ай! Ат шаптырып шапан жапқан бас алтын - ай! Өтсе дағы қилы - қилы түрлі өмір думандар - ай! Қазақ ғана өзгертпейді бас салтын - ай!
Қайырмасы: Күмбір - күмбір күй ойнатқан, қазағым - ай! Жыр тербеген жүректен жыр жазамын - ай! Дүбір - дүбір той тойлатқан думандатып, Таусылмасын кәдеге ақ тілектерің, қазағым - ай!
Дархан пейіл, бала көңіл кең халқым - ай! Қонағына құшақ жайған ақжарқын - ай! Өнер шіркін бес күн жалған, өткінші бір ақ жауындай, Той думанмен асқақтасын ар - даңқың - ай!