Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамгершілік - азаматтық тұлға

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Адамгершілік - азаматтық тұлға
Мақсаты: Адам бойында кездесетін рухани адамгершілік қасиетті аша білу;
Міндеті: Адамгершілік қағиданы басты назарда ұстап, достарыма насихаттау;
Өзектілігі: Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы;

І. Кіріспе
“Рухани - адамгершілік – ізгілік нұры”
Ешкім адамгершілігі мол азамат болып тумайды. Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата – ананың тәліміне сусындап - адалдық, еңбексүйгіштік, бауырмалдық рухта ержеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы сіңіреді. Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым. Оның кең мағынасы халықаралық достық - бауырмалдық. Азаматтықтың, батырлықтың бір негізі осы бауырмалдықтан шығады. Ерлік аспаннан түспейді, Отанды сүюден туады. Ал, Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі. Ата – ананы, апа - қарындасты, аға - ініні сыйлап, құрметтеген халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе......
Бауыржан Момышұлы

Адам бойына бірінші керек қасиет - адамгершілік деп білемін. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс - әрекеттердің тізбегі жатыр.
Адамгершілігі мол деп – арам пиғылдан ада азаматтарды айтар едім. Жақсы адам жан - жағына нұр шашып қана қоймай жетімдерге жұбаныш, әлсіздерге демеу болады. Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді деп ойлаймын.

Адамгершіліктің 7 қағидалары
1. Ақиқатқа сену, адал болу;
2. Жақсы мінез, көрікті ақыл;
3. Дұрыс іс - әрекет, ойлану;
4. Жүректе имандылықты сезіну;
5. Тәртіпке бағыну, жақсы тәрбие алу;
6. Ата - анаңмен бауырыңа қорғаныш болу, халқың үшін еңбек ету;
7. Зорлық - зомбылық көрсетпей, әлсіздерге көмек жасау;

Адам бойындағы 7 қасиет
1. Көру - әлемнің сұлулығын көзбен тамашалау;
2. Есту - әлемдегі керемет дыбыстарды есту;
3. Сезіну - ізгілікті жүрекпен ұғыну;
4. Дәм сезу - ең дәмді мен ащының дәмін тату;
5. Ұстау - екі қолмен жақсылық жасау;
6. Аялау - қолда бардың қадірін білу;
7. Махаббат - сүйіспеншілік;

Адам бойындағы осы қасиеттер бізге алланың жасаған сыйы.
Оны адамзатқа жақсы істер үшін берген деп ойлаймын. Күллі дүниеде осы 7 қасиет түгелімен берілген бірде - бір тірі жан иесі жоқ. Ол тек адам деген атқа лайық пендеге бұйырған. Ендеше
адамгершілігі мол азамат боламын дейтін адам осы қасиеттерін тек жақсы пейілмен іске асырса екен деймін.

Адамгершіліктің 7 қасиеті
• Дененің 3 жауы: сатқындық, ашкөздік, ауырту.
• Сөйлеудің 3 жауы: дүрбелең таратуға құмарлық, өтірік сөз, өсек
• Ақылдың 3 жауы: басқа адамдардың нәрселерін қалау, көреалмаушылық, цинизм

Не істеу керек?
Өз қалауларыңызға шек қойыңыз!
Тағамға
Ақшаға
Билікке
Уақытқа

Адамгершіліктің бес құндылығы
1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.
2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс
жүзіне асырылады.
Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.
3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
“Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай
4. Жан тыныштығы
Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.
5. Ақиқатты тану
Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.

Қорытынды
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ...
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ.
39 449
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Ата – аналарға рухани – адамгершілік білім жайлы түсінік беру.
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілігі мол, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Ой - өрістерін, сана сезімдерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×