Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылы жүрек - жақсы тілек

23 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: «Жылы жүрек - жақсы тілек»
Сыныбы: 3
Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Білімдік: жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: қайырымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Көрнекіліктер: Сабақтың дәйек сөзі жазылған плакат, жүрекшелер, тарапта парақтар.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың типі: Жана білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың түрі: Блок сабағы.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Сәлемдесу, танысу;
• Қызығушылықты ояту;

ІІ. Негізгі бөлім:
• Үй тапсырмасын тексеру;
• Пікірлесу сұрақтары;
• Проблемалық сұрақ;
• Жана ақпарат;
• Ойын - жаттығу;
• Мәтінмен жұмыс;
• Сабақтың дәйек сөзі;
• Тапсырма;
• Дәптермен жұмыс;
• Рефлексия;
• Қортынды.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай?
Бүгінгі өзін - өзі тану сабағын сендермен мен жүргіземін. Сіздермен тағыда қайта жүздескеніме қуаныштымын.
Қызығушылықты ояту: Бүгін сабағымызды бастамас бұрын Ө. Ақылбеков тың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе айтайық.

Өзіңді тану
Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің - ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.
- Балалар, ең алдымен бірінші қадамды өзімізден бастауымыз керек. Өзіміз қандай болсақ, өмірде бізге сондай болып көрінеді.

Үй тапсырмасын тексеру: Ал, енді балалар үйге не берілді соны анықтап алайық. Үй тапсырмасын барлықтарың орындап келді деп ойлаймын. Сабақ соңынан дәптерлеріңді жинап беріңдер, мен үй тапсырмасын тексеремін.
Пікірлесу сұрақтары: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Жылы жүрек - жақсы тілек» деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты «Адамдар қайырымдылығы туралы жүректен шыққан жылы, жақсы тілектерін білдіру» жайы өздеріңмен пікірлессем деймін. Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 617
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Жылы жүрек – жақсы тілек
Жылы жүрек – жақсы тілек
- жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру; - қайырымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Міндеттері: жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту ізгілікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×