Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауаттылық - өмір негізі

17 қазан 2014, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық - өмір негізі
Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту және өз өмірін сақтауға үйрету.
Міндеттері:
- салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
- салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
- денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекілік: компьютер, интерактивті тақта, үнтаспа
Күтілетін нәтиже: зиянды әдеттерден аулақ жүріп, салауаттылық өмір салтын ұстануды үйрету.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге жақсылық, жарасымды көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық. Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.

2. Тыныштық сәті:
- Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсаулық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңда шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар. Рахмет
Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар?
Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»
Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.
Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,
Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.
Әдеттен жаман жиреніп,
Жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

3. Дәйексөз
Дені саудың – жаны сау.
Денсаулық - зор байлық.
Халық мақалы
Пікірлесу:
1."Денсаулық - өмір негізі" дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?
3. Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?
4. Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне қандай зияны бар?
5. Дені сау адам қандай болады?
4. Әңгiмелеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 283
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.: Жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру. Өмір - өзегі денсаулық екенін ұғыну.
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ» Өзін – өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауаттылық – менің қалауым
Салауаттылық – менің қалауым
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жаңаталап бастауыш мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұхаметжанов Еркін Сайлауұлы
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×