Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған ұлы тұлға

24 қазан 2014, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
7 сынып
Тақырып: «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған ұлы тұлға»
Құндылығы: ақиқат
Қасиеттері: жауапкершілік
Мақсаты:
1) оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге, өз елінің адал азаматтары болуға, жауапкершілікке, ер мінезді болуға баулу;
2) Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі ету, өз халқының патриоттарын құрметтеуге үйрету.
I Сәлемдесу
II Үй тапсырмасын тыңдау (57 бет)
III Дәйексөз
IV Оқушыларға сыйлық: Әңгіме «Бауыржан Момышұлы туралы естелік»
V Нақыл сөздер
VI Шығармашылық жұмыс
VII Әдеби монтаж:

I Сәлемдесу
Өзіммен - өзім сәті (позитивный настрой)
Көзімізді жұмайық, ішімізден 1 - 10 дейін санаймыз. Айналамызды қоршаған орта – орман, көл, тау, бұлт жарқырап күннің нұры бізді шуағына бөлеп тербейді. Мөп - мөлдір көлдің суына үңілсек, өзімізді көреміз, таудың аппақ ұшар басы біздің көңіліміздей аппақ, аспандағы ақ мамық бұлт бізді қол бұлғап алдағы арманына шақырады.
Мен ризамын бәріне! (3 рет қайталау)
II Үй тапсырмасын тыңдау (57 бет)

III Дәйексөз
Өлім арасында жүргенде де,
Өмірден үміт үзбегін.
Үміт өрге тартады,
Үмітсіздік көрге тартады.
Үміттен де алға ұмтыл.
Үмітіңе жетесің. IV Оқушыларға сыйлық: Әңгіме «Бауыржан Момышұлы туралы естелік»
Адам өмірі жақсылық нұрын сеуіп, ғибратты ғұмыр кешуге бағытталады. Әр адамның өмірлік мақсат - тілегі болады. Аңсаған арманына, көздеген мақсатына қол жеткізу жолында адамдар ізгілік пен адалдықты, ізденіс пен еңбекқорлықты арқау етеді.
Б. Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Жеті жылдық білім алып, біраз уақыт мұғалім болып қызмет істеді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылды. 1936 жылдан бастап түрлі әскери бөлімдерде қызмет істеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал - майор Панфиловтың басшылығымен жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында болып, командир қызметін атқарған. 1956 жылы отставкаға шыққаннан кейін Б. Момышұлы шығармашылықпен айналысты. Оның алғашқы кітаптары: «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Артымызда Москва», «Майдандағы кездесулер».
Халық батыры Бауыржан Ұлы Отан соғысында дарынды қолбасшы, ер жүрек, батыл, қаһарман, атақты жазушы.
Соғыс кезінде батальон, полк, дивизия командирі болған, кейін әскери оқу орнында дәріс берген, соғыс ісінің тәжірибесін жетік, теориясын терең білетін Бауыржанға батыр атағы да, генерал шені де уақытында берілмеді. Бірақ, одан беделіне нұқсан келген жоқ. Халық оны шын мәнінде қаhарман батыр деп таныды, себебі ол биік тұлға еді. Еліміз егемендік алғаннан кейін елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халықтың көп жылдар бойғы арманын жүзеге асырды. Бауыржан Момышұлына «Батыр» атағы берілді. Бұл шешім қазақ халқын шын қуантты.
- Бауыржан Момышұлының өмірі неліктен ұлағатты деп ойлайсыңдар?
- Ана тілі жайында не айтқан?
- Жастардың мінезі туралы не айтқан?
- Бауыржан Момышұлы кім? (мінездеме жазу ватман бетінде)

V Нақыл сөздер
«Тізе бүгіп тірі жүргеннен,
Тіке тұрып өлген артық»
«Таңдана бергенше,
Таңдандыра біл.»
«Пышақ кескен жер жазылар, тіл жарасы жазылмас.»
- Осы нақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?
VI Шығармашылық жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1 - топ Бауыржан Момышұлының бойындағы қасиеттері туралы қысқа әңгіме құрастыру.
2 - топ Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы әңгіме құрастыру.
3 - топ «Батыр болу үшін мен не істей аламын?» әңгіме құрастыру.
VII Әдеби монтаж:
***
Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқының қастерлі
Жайсаңы – Бауыржан!
Қайсар ұл – Бауыржан!
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған.
Елінің намысын
Қорғаған – Бауыржан!
Ер - бабам – Бауыржан.
***
Намысынан жаралған халқының
Көзінде отты жалын бар.
Сан жырлар оны жаңа ұрпақ.
Келешек ұлы ғасырлар
Баукеңе қарар таңырқап!
Жеңілден безіп әманда.
Үлесін алған ауырдан
Күрделі біздің заманға
Ұқсайды қайсар Бауыржан!
Аялап оны алыста
Тербеген дала бесігі
Бауыржан болып соғыста
Жарқ етті қазақ есімі!

«Батыр Бауыржан»
Сөзі А. Байғожаевтікі
Әні Ә. Бейсеуовтікі
Ақ боранда азынаған, қақаған
Жаудың қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ,
Мирас еткен батырлықты атадан.
Қайырмасы:
Әрқашан аты ауызда,
Ықпаған батыр дауылдан.
Айналған аты аңызға,
Момыштың ұлы Бауыржан!
Жаудың оғын қағып құрыш боймен,
Туған елі шыққан емес есінен.
Қашты жаулар Москваның түбінен,
Қашты жаулар Бауыржандар сесінен.
Қайырмасы:
Ерек сүйген өзі туған Отанын,
Халық берген оған батыр атағын,
Ауыр жылдың арқалаған азабын,
Ерлігіңді әнмен жалаулатамын.
Қайырмасы:

VIII
Өзіммен – өзім сәті: Балалар, енді ойымызды жинақтап, сабақта өткенді қорытындылайық.
Жауапкершілік - адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Адам жауапты болу үшін бала күнінен соған әуестену керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұлға тұта білейік.
Сонымен сабағымыз аяқталды.
11 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» (2 - сағат)
Бауыржан Момышұлының тұлғасы, қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Оқушыларды алған жаңа материалдары бойынша жұмыстану дағдыларын қалыптастыру;
Менің ұстаздарым
Менің ұстаздарым
Қоршаған әсем табиғатқа зер салып, үңілейік. Мөп - мөлдір көлдің суына үңілсек, өзімізді көреміз, аспандағы ақ мамық бұлт бізді қол бұлғап алдағы армандарымызға шақырады. Бір сәтте бұлттың үстіндемін.
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Шымкент қаласы, №68 жалпы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қосыбаева Мадина Абдибековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×