Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адал достық

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
4 сынып
Тақырып: Адал достық
Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға шынайылық, шыншылдық, адалдық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқат құндылығын ояту.
1. Оқушыларға ақиқат құндылығының шыншылдық, адалдық, адамгершілік түсініктерін кеңейту
2. Оқушылардың өзара қарым – қатынастағы шыншылдық, шынайылық, «адал достықты» қадірлей білуге үйрету.
3. Ақиқаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, адами шынайы құндылықтарға тәрбиелеу

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті.
«Су асты патшалығына ойша саяхат.» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмыңыздар.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру.
Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.
- Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
- Аңыз әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
Дәйексөз. Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатыны – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. (Ш. Құдайбердіұлы)

1. Адам үшін адал еңбек не?
2. Ақылды адам қандай болады?
3. Жүрегі таза адамдар деген кімдер?

Мұғалімнің сыйы: «Өсиет әңгіме»
Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: - Ақсақал мен қандай жігітпін? Сынаңызшы - депті.
Қарт жігітке:- жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын - депті.
Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым жаман жігіт емессің - депті.
- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой - депті жігіт. Қарт күліп: -«Жігітті жолдасыңа қарап бағала» дейді халық - депті.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1топ: оқулықта берілген жағдаяттарды талдау.
2 топ: адал достыққа тән қасиеттерді жазу.
3 топ: адал достық тақырыбында 3 мақал жазу

Топпен ән айту. Дос болайық, бәріміз!
Сөзін жазған: Х. Талғаров
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті!
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
3. Қайраттанып қарышта,
Озып шыққан жарыста.
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.

Үй тапсырмасы.
№ 62 беттегі «Ашу дұшпан, ақыл дос» мәтінін оқу
Соңғы тыныштық сәті.
Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.
15 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Сабырова Светлана Кусайновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×