Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат ғажаптар

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін өзі тану 5 сынып
Тақырып: Табиғат ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Сабақ мақсаты: Қиянат жасамау нағыз адамның ісі екенін оқушыларға түсіндіру.
Міндеті:
1. Қиянат жасамау ұғымының мәнін ашу;
2. Бұрыннан адамзат баласына берілген сүйіспеншіліктерін жандандыра отырып қиянат жасамауды дамыту;
3. Қиянат жасамау арқылы сүйіспеншілікке бөлену, үйлесімді өмір сүру.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2. Тыныштық сәтi. 3 мин.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

3. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Үйге берілген «Бала және інжугүл қоңыраулары» (105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
2. Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?
3. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
4. Бала інжугүлді неліктен жұлмады?
5. Егер сендердің өмірлеріңде осындай жағдай болса, не істер едіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
4. Дәйек сөз. 2 мин.
«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»
Халық нақылы
Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан - жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата - анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.
(Дәйек сөзді дәптерге жазып, 2 - 3 рет бірге қайталап оқимыз)

5. Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.
Қиянат жасамау дегеніміз ол:
Жақсы ой ойлау - әлемге қиянат жасамау,
Жақсы сөз айту - тілге қиянат жасамау,
Жақсы әңгіме тыңдау – құлағымызға қиянат
жасамау,
Жақсылықты көре білу – көзге қиянат жасамау,
Дұрыс тамақтану - денсаулығымызға қиянат
жасамау,
Дұрыс іс - әрекет жасау - денемізге қиянат жасамау.
Құрбыларымызды ренжітпеу – достыққа қиянат
жасамау.

Аңыз айту. 5 мин
«Не айтатыныңды ойлап ал»
(ойға қиянат жасамау, өйткені әрбір ой іске ұласады)
«Қиянат келтірмеген жаза»
(Іс - әрекетте қиянат жасамау, әрбір іс - әрекет мінезді қалыптастырады)

Сұрақ қою: 5мин.
- Балалар енді сендер қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қиянат жасамау үшін не істеу керек?

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.
Жағдаяттардың шешімін табу.

1 - жағдаят
Сен бірнеше достарыңмен сабақтан қайтып келе жатыр едің қасыңдағы құрбыларың киноға барайық деген ұсыныс жасады. Бірақ сен сабақтан соң анаңның берген тапсырмаларын орындауың керек. Құрбыларың қызық кино жүріп жатқанын айтып сенен өтініп тұр. Сен не істейсің?

2 - жағдаят
Сабақтан қайтып келе жатқан жолда сен бірнеше балалардың талдағы алманы алу үшін талдың бұтақтарын сындырып жатқанын көрдің. Сен не істейсің?
(топтарға беріп, әр топ өз шешімін бірлесіп шығарады)

Дәптермен жұмыс
Дәптердің ортасына күннің суретін салып, күннен тараған сәулелерге жақсы қасиеттерді жазамыз. (тақтаға сызып көрсетемін)

Оқушылардың қандай қасиеттерді жазғандарын ортаға салып айтамыз.
Қорытындылау.
Жақсы ойлар ойлаймыз,
Жақсылықты көреміз,
Жақсы әңгіме тыңдаймыз,
Жақсы істер жасаймыз,
Біз бақытты баламыз.
Дәптерге жазып, бірнеше рет қайталап оқимыз.

7. Топпен ән айту. 3 мин.
«Ақ көгершін» Сөзі: А. Жұбановтікі, әні: Н. Баймұхамедовтікі

8. Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Қиянат жасамау - нағыз адамның ісі» тақырыбында өз
ойларынан немесе бастарынан өткізген оқиғалары туралы шағын әңгіме жазу. Келесі сабаққа «Суретші туралы ертегі» әңгімесін оқып келу.

9. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
- Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
17 407
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмірдің мән - мағынасын ашып, ешкімге қиянат жасамай өмір сүруге бейімдеу.
Ар – намыс керек адамға
Ар – намыс керек адамға
Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Өмірің өз қолыңда
Өмірің өз қолыңда
Қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, кешірімділік, жауапкершілік, адалдық, әділдік. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қиянат жасамай өмір сүру адам өмірінің мәні екенін түсіну.
Қайырымдылық – асыл қасиет! Мектептен тыс іс шара
Қайырымдылық – асыл қасиет! Мектептен тыс іс шара
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыта отыра, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл
Табиғат - тал бесігің, аялай біл
Ақмола облысы, Есіл ауданы, Қаракөл ауылы «Қаракөл орта мектебі» ММ География мұғалімі: Митинг Ардагүл
Табиғат тылсымы
Табиғат тылсымы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×