Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зорлық - зомбылықсыз отбасы

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: «Зорлық - зомбылықсыз отбасы»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылады: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, видеороликтер т. б
І. Баяндама «Зорлық – зомбылықсыз отбасы» атты баяндама мазмұнымен таныстырып, әңгімелесу жүргізу.
Қайырлы күн құрметті ата - аналар, ұстаздар және қонақтар! Бүгін сіздер «Зорлық – зомбылықсыз отбасы» атты ата - аналар жиналысына жиналып отырсыздар.
Қош келдіңіздер!
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тыныштық сәті.
3. Кіріспе
Бала - адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата - ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе, бүйтпе» деп отырса да бала ынжық, жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп, тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып - соғу, жан - жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады.

Бала ата - анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата - ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта, ата - ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, балаға кері әсер етеді. Отбасындағы ата - ананың мінез - құлқы балаға үлгі - өнеге алатын басты нысанасы болмақ. Сонымен, өмірдің жеке - дара тұлғасы болғандықтан, баланың өз құқығын қорғау конвенциясын қолдай отырып, мектепте 19 - 28 караша аралығында «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан бойынша мектепішілік іс - шаралар өткізілуде.

Бүгінгі кездесу «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық айлыққа арналады. Жиналысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтандыру үшін аса үлкен тәрбие керек.
Фильмнен үзінді көрейік «Балалық шақ».

Әрине, бұл өмірдің қызық кездері.
Сәби нені біледі деп, немқұрайлы ойлағандықтан болып қателесіп жүрген жағдайымыз да аз емес. Нәресте сөйлей алмасада бәрін түсінеді. Сондықтан оның қасында келеңсіз жағдай жасауға, былапыт сөйлеуге, айқай - шу көтеруге болмайды. Әр ата - ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда, ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Ол үшін өздері арасын сыпайы қатынасып мәдениеттілік танытумен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі»- деген аталы сөз содан қалған. Кейбір ата - аналар баланы ұрып соғып, қорқытып тәрбиелеймін деп қателік жасап та жүр. Бұл жақсы тәрбие болмайды да, керсінше сол баланың қатігез болуына немесе қорқақ болуына ықпал етеді. Қатал болсаңыз балаңызды ренжітіп, жүрегіне қаяу саласыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ
Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
Балалық шақ - зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз
Балалық шақ - зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Зорлық-зомбылықсыз күн
Зорлық-зомбылықсыз күн
зорлық - зомбылық дегеніміз не екенін оқушыларға түсіндіру; адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×