Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзін - өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс - тәсілдер

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: «Өзін - өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс - тәсілдер»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: студенттердің өзін - өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс - тәсілдері туралы білімдерін кеңейту, теориялық білімді практика барысында қолдану.
2. Дамытушылық: студенттердің сабақ өткізу әдіс - тәсілдерін, дағдыларын меңгерту, ойлау, қиялдау, өз еркімен білім алу қабілетін және оқыту процесінде өз еркімен шығармашылық жұмыспен айналысуын ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: болашақ мамандығына қызығушылықтарын арттырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ
Сабақ технологиясы: сыни тұрғыдан оқыту, дамыта оқыту.
Сабақ әдіс - тәсілдері: түсіндіру, слайд қолдану, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, cуреттер, слайд, әсем әуен.
Пәнаралық байланыс: педагогика, қазақ әдебиеті, психология.

Сабақтың барысы:
Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл оқушыларды тәрбиелеп шығарады, жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады. Мәселе нені оқытуда емес, қалай оқытуда...
(Шығыс даналығынан)
Ұйымдастыру кезеңі
«Даналық ағашы» арқылы студенттерді топтарға бөлу. Сабақ ұстанымдарымен таныстыру.

Сабақ ұстанымдары:
1. Ашық болу.
2. Бір - біріміздің сөзімізді бөлмеу.
3. Белсенді болу.
4. Сабақтан ой түйіп, қажетін алу.
Бүгінгі сабақтың IV бөлімнен тұратындығымен таныстыру.

Жаңа сабақ. Өзін - өзі тану сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер
1 бөлім: Қайталау - білімнің шыңы
Тірек сызбамен жұмыс

2 бөлім: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
(Студенттер практика жүзінде тапсырмаларды орындайды)
1 топ – Мәтінмен жұмыс
2 топ – Ойын, жаттығу
3 топ – Жүректен - жүрекке
Тапсырма: топтық жұмыс (постер қорғау)
Үш топ практика барысында қолданған әдіс - тәсілдерді көрсетеді.
Тыныштық сәті - релаксация «Теңізге саяхат»
(Теңіз толқындарының, шағаланың дыбыстары үнтаспадан естіледі.)
- Студенттер ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз және алысқа көз жіберіңіз. Қасымызда жанымызға жақын, өзіміз жақсы көретін адал, сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз мәз мейрам, еш уайым – қайғысыз күліп - ойнап, теңіз жағалауында жүрсіз.
Теңіз толқындарының шуылдаған дыбысы, теңізді өз мекеніне айналдырған шағаланың дыбысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын желі бетіңізге еседі. Сіз досыңызбен бірге теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің ауасын жұтып тұрсыз.
Жаныңыздағы досыңызға ішкі сырларыңызды, көңіл - күйлеріңізді, жабырқаған сәттеріңізді айтып, сыр тарқатып отырсыздар. Ішіңіз бір жеңілдеп, жақсы сезімге бөлендіңіз. Жаныңызда сенімді, адал досыңыздың болғанына қатты қуаныштысыз. Сіз өзіңіздің сенімді досыңызға қарап, іштей өз алғысыңызды білдірдіңіз.
Ал енді, сіздің оралатын уақытыңыз болды. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімге бөлендіңіз? Не сезінгендеріңізді бөліссеңдер де болады.

3 бөлім: Білегіңе сенбе,
Біліміңе сен. Шығармашылық жұмыс
Үш топ студенттері практика барысында қолданған шығармашылық жұмыс түрлерін көрсетеді.

4 бөлім: «Білгір болсаң шешіп көр,
Тапқыр болсаң тауып көр!» Жағдаяттарды шешу.
Жағдаят 1
Мектепке жас маман қызметке келді. Ол оқушыларды жинап алып құпия түрде былай деді: «Сіздер чемоданда ойнай аласыздар ма? – Балалар түсінбей бір - біріне қарады. Балалар, барлығын таң қалдырып ағаш қасыққа дейін ойнатып, оркестр құрсақ қайтеді. Бірінші концертіміз жаңа жыл кешіне арналады. Бірінші дайындық ертең сабақтан кейін болады. Бірақ ешкімге ештеңе білдірмейміз». Бұл құрылған шулы оркестр мектеп өміріне үлкен өзгеріс алып келді. Олардың концерттеріне балалар жаппай келе бастады. Ол ұстаз балалардың сенімді досына айналды. Ол кіші мектеп оқушыларына арнап қуыршақ театрын ашты. Жоғары сынып оқушыларымен жорықтарға барып, таңды қарсы алып құстардың сайрағанын бірге тыңдады.
Бұл мұғалім балаларды қалай таң қалдыра алды?
Тіпті ынта - жігерсіз балалардың да белсенділер қатарына қосылу себебі неде?
Мұғалімнің мұндай табысы немен байланысты деп ойлайсыңдар?

Жағдаят 2
Сыныпқа жаңа оқу жылында бес оқушы жаңадан келді. Олар сабақтан біресе кешігіп, біресе келмей қалып өздерінің тәртіптерінің қандай екенін байқата бастады. Сынып жетекшісі әрқайсысымен жеке - жеке сөйлесіп, сыныптағы тәртіптің қаталдығын ескертті. Бірақ бұл шара нәтижелі болмады. Сондықтан сынып жетекшісі сыныптағы белсенділер тобына сүйеніп, бірнеше жиналыстар жүргізді. Белсенділер бірауыздан олармен жұмыс жасауға кірісіп, әрқайсысын қадағалауға алды. Ал басқа сыныпта жетекші басқаша бағыт ұстап тәртіп бұзушыларды күнімен тәртіпке салуға тырысты. 3 жылға жетекшілік қызметінде барлық істі өзі шешті. Тәртіп бұзғандар туралы шағымданса, өзі шешуге кірісті. Балалар өз жайында қалды. Тәртіп бұзушылар саны күннен күнге көбейе бастады. Сынып жетекшінің тәртіп бұзушыларға шара қабылдауға уақыты жетпеді. Ол мұндай оқушылармен жұмыс жасау мүмкін емес дей берді.
Екі сынып жетекшісінің ұжыммен істеген жұмысын салыстырыңдар, сен өз тәжірибеңде қайсысын қолданар едің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 634
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Педагогикалық тәжірибені дамыту мақсатында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу керек. Сабақты бірлесіп жоспарлау, сабақтарға өзара қатысу мен талқылау оқытуды жақсартуға көмектеседі
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Ядролық реактор
Ядролық реактор
Сабақтың танымдық мақсаты: *Ядролық реактор және оның түрлері. *Ядролық реактордың негізгі бөліктері және олардың жұмысы. *Термоядролық реакциялар туралы мағлұмат беру.
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×