Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен

20 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сынып сағатының тақырыбы: «Күз аруы - 2014» 1 сыныптарға арналған

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мақсаты:
Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп сақтау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды жақсы мен жаманды айыра білуге ықпал ету. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, ізгілікке тәрбиелеу. «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
- жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
- адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер, инерактивтік тақта
Сабақ түрі: пікірлесу, әңгімелесу.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбері «Шын жүректен тілек айту»
Оқушылар жүрек шарды бір - біріне беру арқылы тілектерін айтады. Ал балалар, мына менің қолымда сиқырлы сандық бар. Бұл садық несімен сиқырлы білгілерің келе ме? Ендеше мені мұқият тыңдап алыңдар. Бұл сиқырлы сандыққа барлығымыз сиып кетеді екенбіз. Сенесіңдер ме? Мен сендерге дәлелдеп берейін бе? Не көріп тұрсыңдар соны айтыңдар./оқушылар сандықты тізбектей отырып беріп шығады/
• Мен өзімді көрдім
• Мен кішкентай екенмін
• Мен әдемі қызды көрдім...
Балалар біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттер жөнінде әңгімелейміз.
- Балалар «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жақсы адам – ол қандай адам?
(балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші толықтырады)
Балалар, дұрыс айтасыңдар, яғни адам бойындағы жақсы қасиеттер ол – үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан – жануарларды қамқор етіп, туған жерге деген сүйіспеншілігі жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.
Балалар сендердің бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?
(балалардың жауаптарын тыңдайды)

Ал енді барлығымыз тақтаға назар аударайық. Сендер Алдар Көсенің «Көне домбыра» деген мультфильмін көресіңдер.
Сұрақ - жауап
• Мультфильм не туралы екен?
• Қандай кейіпкерлер бар?
• Кім жақсы кейіпкер?
• Кім жаман кейіпкер?
• Не себептен бай жаман?
• Алдар Көсе неліктен байды алдады?
• Алдар Көсенің ісі дұрыс па?
Сергіту сәті «Көңілді күн» өлеңіне оқушылар билейді
Жақсы деген немене? Жаман деген немене?
Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Ж. Баласағұнның нақыл сөзінің мағынасын ашу, оқушыны пікірін тыңдау, дәптермен жұмыс жүргізу.
Шығармашылық жұмыс
Балаларға жақсы және жаман балалардың суреттері таратылып беріледі.
Сендер мына суреттерден, яғни, жаман баланы жақсы бала етіп өзгертіп саласыңдар, ал жақсы баланы жаман бала етіп саласыңдар.
Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу»
Әңгімелесу
“Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың” деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Жақсылық жасау – адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?
- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Өзіммен - өзім.
Балалар, Махаббат жақсылық әлемінен сиқырлы таяқ әкеліпті. Сиқырлы таяқты бір ермесең болғаны, біз жақсылық әлемінде болады екенбіз. Кім жақсылық әлеміне барғысы келеді?
Олай болса, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бір, екі, үш біз жақсылық әлеміндеміз. Адамдары қандай сыпайы, мейірімді, бір - бірінен қамқорлығын аямайды. Риясыз жақсылық жасауда. Біздің бойымызға да осы қасиеттер даруда. Осы сезімдермен біз де бұрынғы қалпымызға оралайық Көзімізді ашайық. Балалар, енді біз де бір - бірімізден жақсылығымызды аямайық
Сен қандай жақсылық жасадың? Сендер өздерің жасаған жақсылықтарыңды естеріңе түсіріп әңгімелеп беріңдер.
Психологиялық тренинг
«Менің көзіммен» оқушыларға қара нүктесі бар ақ бет көрсетіледі.
Тақтада ақ параққа қара ноқат салынып ілінеді де сұралады. Жауапты оқушы өз дәптеріне жазады. Шешуші сөзді мұғалім өзі айтады.
Егер сіздің көргенсіз «қара ноқат» болса - адам бойынан ең әуелі кемшілік іздейсіз. Егер алдымен ақ парақты көрсеңіз - жақсылықты іздейсіз. Өз жауаптарыңды іштей қорыта отырып өз ұғымыңызды қазіргі өмірмен байланыстырайық. Адам қашан да ең бірінші жаманшылықты ойлайды. Жақсыдан гөрі жаманға жоруға үйір келеді. Теледидардағы жаңалық хабарлардың дені де сондай
Дәйексөз
Жаманды жуытпа, жақсыны ұмытпа.
Міне балалар енді сендер
Жүректен жүрекке
Балалар, айнаға қарағанда біз нешеу боламыз? Олай болса тілегіміз, жақсылығымыз екі еселенсін деп, бағанағы сиқырлы сандығымызға жүрегіміздегі жақсы сөздерімізді салып, жауып қояйық.
Қорытындылау
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
5 344
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Жақсы сөз – жанға қуат
Жақсы сөз – жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×