Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сенім – менің серігім

08 маусым 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Потанин жалпы орта білім беретін мектеп
Өзін – өзі тану пән мұғалімі, мектеп психологі
Мустафина Гульмира Куанышевна

Сабақтың тақырыбы: Сенім – менің серігім
Өзін - өзі тану 5 сынып

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамдардың бір - бірімен сенімді қарым - қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
«сенім» ұғымының мәнін ашу;
Өз замандастарымен сенімді қарым - қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;
Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар! Бүгін далада қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір - бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат
- Балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдар. Ә. Табылдиевтің «Сенім» өлеңі оқылады.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар?
Жеңіл әуенді көңілді ән қосылады.(Мадина Садвакасова «Сенім»)
- Өздерінің ең сенімді досыңды биге шақыр.
(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған, сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)
● Сенім деген сөзді қалай түсінесің?
● Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
● Қандай адам сенімге ие болады?
● Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
● Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?
(Оқушылар өз орындарына отырады)

Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін «Жаңа дүкенде» мәтіні оқылады.
- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?

Тыныштық сәті (Музыка қосу)
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Мұғалім: - Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.
Адамның өз - өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне – өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат - мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.
«... Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен – өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».

Сахналау
Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогты сахналау ұсынылады «Кімге сенім артуға болады?».
- Сенімге ие болу үшін не істеу керек?

Шығармашылық жұмыс
«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар
С - сенімді, сыпайы,...
Е – ерен, ерекше,...
Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер,...
І - ілтипатты,...
М – мәдениетті, момын,

Дәйексөз
Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М. Жұмабаев

Дәптермен жұмыс
47 беттегі 3 тапсырма
- Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.
Жүректен жүрекке
Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген. Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара ұштастығын ашу керек.
Үйге тапсырма «Сенім» өлеңін жаттау, мәтінді оқу
9 580
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Бастауыш
Бастауыш
Бастауыш туралы түсінік беру, оның грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен,
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сенім – менің серігім
Сенім – менің серігім
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің өзін - өзі тану пәнін мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Құрама есептер
Құрама есептер
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп - лицей бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Нұргүл Нұрмұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×