Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер – алтын бесігім

10 желтоқсан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Жауапты мұғалім: Жортарова Нұргүл

Сабақ тақырыбы: «Туған жер – алтын бесігім»
Мақсаты: Туып - өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеу;
Отан отбасынан, туған жерден басталатынын білу;
Туған жерім Балқаш қаласы туралы тереңірек білу;
Сабақтың түрі: шығармашылық
Өткізілу орны: №408 өзін - өзі тану бөлмесі.
Көрнекіліктер: слайд, бейне таспа, сызбалар.

Сабақ барысы:
Кіріспе сөз: Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Отбасы - шағын қоғам. Отбасында әке де, ана да бала тәрбиесінде елеулі орын алады. Ұлы Абай атамыз айтпақшы бала бұл дүниенің кетігін тауып, қашан бір кірпіші болып қаланғаныңша ата - ана бала өміріне жауапты. Міне осыған орай ата - анаға, ұстазға көмекке келген пән өзін - өзі тану пәні. Өзін - өзі тану пәнінің құдіреттілігі сонда; бала жүрегіне тез арада жол тауып, оның қоршаған ортаға деген көз қарасын мүлдем тек жақсы жағынан қарауға баулиды. Айналасындағы адамдарға сыйласымдықпен қарап, жылы лебіздер тілеуден бастауын табады.
Баланың өмірге белсенді көз қарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысын ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Шаттық шеңбері: «Жас дәуірдің түлегіміз» муз: И. Нүсіпбаев сөзі: Е. Өтетілеуұлы.
Бау-бақша белдер
Орман тау көлдер
Көрікті шексіз даламыз
Дәулеті тасқан
Сәулеті асқан
Көңілді ауыл қаламыз
Қ - сы
Жадырап күндей
Жайнаған гүлдей
Бақытты біздер баламыз

Әңгімелесу:
Оқушылардың өзін - өзі тану сабағына қызығушылығын арттыру туған жер туралы танып білуге баулу мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады,

Әңгімелесу:
Отан деген не?
Туған жер деген не?
Туған жерді қорғауға сенің үлесің?
Балқаш қалам 75ке толды.

Дәйексөз:
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.

Әңгімелесу:
Отан деген не?
Туған жер деген не?
Туған жерді қорғауға сенің үлесің?
Балқаш қалам 75ке толды.
I. Кезекті Қайыржан Диастың анасы - Бейсекина Күлзияға береміз. Отбасында Туған өлкенмізді балаларына қалай жеткізеді екен.
Балқашты оның тұңғыш құрылысшылары арман - қала деп атаған. Тарихшылар куәгерлік еткендей, бір де бір нысан дәп осындай өте күрделі – табиғи, әлеуметтік, өндірістік жағдайда тұрғызылмаған. Қала тура тақыр жерде бой көтерді. Шөлдегі көлдің жағалауында ара - кідік көшпенділердің қыстақтарынан басқа ештеңе де болмаған.
Балқаш мысының тарихы ленинградтық геолог Михаил Русаков 1928 жылы Қоңыраттың қыраттарынан кеннің аса бай көздерін ашқан кезден басталды. Арада жыл өткеннен кейін жан - жақты барлау жүргізілді де, сонан соң Балқаш кен алыбын салу туралы шешім қабылданды. Үлкен кен орны бар екені 25 маусым 1929 жылы дәлелденді(Қоңырат руднигі ашылды). 1936 - 1937 жылы кен байыту фабрикасы іске қосылды. 1937 жылы 11 сәуірде Прибалхашстрой кенті, Қарағанды облысының құрамына кіретін қалаға айналдырылып, Балқаш көлінің атына сай атау берілді. Қалада – ірі елді пункт, өнеркәсіп орталығы, әкімшілік, сауда орталығы бар. Михаил Русаков 02. 11. 1892 жылы Черновс - Тоболь селосында қарапайым шаруа отбасында туған. 1911 жылы 8 жылдық мектепті алтын медальмен бітірген. Геолог болу өз жерін, елін, табиғатқа деген құштарлығын көрсетті.
КСРО - ның әр түкпірінен келген мыс зауытының құрылысшылары әуелде шатырларда, жеркепелерде және киіз үйлерде тұрды. 1936 жылдың қаңтарында алғашқы көп қабатты үй пайдалануға берілді. Қала әдемірек бола түсуі үшін көгалдандыру бағдарламасы жүргізілді. Көшеттер, топырақ салынған арбалар легі бірінен соң бірі келіп жатты. 1935 жылы ботаникалық бақшаның негізі қаланды.
Жаңа қала Қазақстанның картасында 1937 жылы пайда болды, ал арада жыл өткен соң, 1938 жылдың 24 қарашасында алғашқы тазартылмаған мыс алынды.
Балқаш көптеген еңбек әулеттерін берді. Бұл қаламен Дінмұхамед Қонаевтың да еңбек жолы тығыз байланысты. Ол 1936 жылы Мәскеудегі түсті металдар институтын тәмамдағаннан кейін Қоңырат кенішіне жұмысқа келді, осында қатардағы балташыдан кен басқармасының бастығына дейінгі жолдан өтті.
Ленинградтық геолог Михаил Русаков 1928ж.
Балқаш көптеген еңбек әулеттерін берді. Бұл қаламен Дінмұхамед Қонаевтың да еңбек жолы тығыз байланысты. Ол 1936 жылы Мәскеудегі түсті металдар институтын тәмамдағаннан кейін Қоңырат кенішіне жұмысқа келді, осында қатардағы балташыдан кен басқармасының бастығына дейінгі жолдан өтті.

Балқаш – ірі елді пункт. Әкімшілік, сауда және өнеркәсіптік орталық. Адамдар тұратын, жұмыс істейтін және демалатын жер. Балқаш территориясы – 5, 9 мың2 км халқы – 74, 5 мың адам Ұлты – 60 ұлт өкілі тұрады. Балқаш өңірі... Қазақстан картасында бұл аймақ сары түспен боялған. Шөл дала түсі Самолет қанатының астында көсіліп жатқан шексіз сары дала. Осынау ұлан - байтақ өлкенің көкшіл ноқаты мен Іле өзені атыруының көгілдір ирегі ғана көз кідіртеді. Алайда осы өңірмен жаяу жүріп өтсек, ерекше бір ғажайып әлемнің куәсі боламыз. Сырт көзге көріксіздеу шалынғанымен табиғат бұл қуаң аймаққа өзіндік сыйын аямай төккен. Мұнда шың - құздары таң - тамаша таулар да, тораңғылы тоғайлар да, жағалауы мақпал құммен көмкерілген тып - тымық көл шығанақтары да бар. Боз бетегенің күміс толқындары ойнаған дала көрінісінің өзі де ерекше ғажап. Бұл Балқаш өңірі. Балқаш көлінің өзі жер ендігінің бойымен 600 километрге созылып жатыр.
Қабылғазы Амандықтың анасы Замзәгүл Балхаштан шыққан дарындылар туралы сөз етеді

Ел қорғаған ер баба
Нарманбет Орманбетұлы
Шашубай Қошқарбайұлы
Күләш Байсейітова
Манарбек Ержанов

Рақымжан Қошқарбаев
Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып жеңіс туын қадаған баһадүр жерлесіміз - Рақымжан Қошқарбаев «Халық қаһарманы» болып, даңққа бөленді. Соғыс жылдары өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен әйгілі батыр жауынгерлер қатарында
Н. Кұлжанов, Ж. Ақбергенов сынды тағы басқа да жерлестеріміздің есімдерін мақтанышпен айтамыз.
Еңбек майданында да мыңдаған қала еңбеккерлері оның ішінде, әсіресе, әйелдер ерен ерлік үлгілерін көрсетті. Соғыс жылдарында тек қана мыс заводында 2875 әйел еңбек етті. Олар зауыт цехтарында, кеніштерде, фабрикаларда уақытпен санаспай жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 433
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,
Баяндама: Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама: Адамгершілік – асыл қасиет
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы
Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түз өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу болады,
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Артықбай Данагүл Майлыбайқызы
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×