Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық сезім

11 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Солтүстік Қазақстан облысы,
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сматаева Жұлдыз Тұрсымбекқызы

Тақырыбы: «Достық сезім»
Мақсаты: 1 Балаларға достық, өзара сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру, бір - бірімен тату болуға үйрету.
2. Баланың өзін өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге, ренжітпеуге, досының айтқанын соңына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
3. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Достық туралы суреттер, әріптері бар кубиктер, кішкене жүрекшелер, үнтаспа, достық ағашы, теледидар, DVD, бейнелеу құралдары.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. «Сәлемдесу», «Шаттық шеңбері» (жылы сөздер бір - біріне)
2. Дос туралы сөзжұмбақ шешу
3. Дос туралы түсінік беру.
4. Теледидар арқылы «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін әңгімелеу.
5. Сұрақ - жауап.
6. Дәйексөз айту. «Достық - асыл қасиет».
7. Дос туралы мақал.
8. Күтпеген сәт «Жүректің келуі»
9. Ойын: «Досымның жүрегі»
10. Шығармашылық жұмыс
11. Қорытынды «Достық деген не?»
12. Жүректен - жүрекке. Тақпақ айту. Ән айту «Біз өмірдің гүліміз»

Мұғалім: - Сәлемет пе, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. М Енді балалар, қонақтармен амандасамыз.
Үлкенге де – сіз,
Кішіге де – сіз,
Қонақтарға құрметпен
Бас иеміз біз.
Мен сендермен шын жүректен мынадай сөздермен амандасқым келіп тұр.
Шаттық шеңбері:
Ән салуға барамыз (шеңбер бойымен жүру)
Досымызды табамыз (тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа жаю)
Доспын енді сенімен (бір - бірімен қол алысу)

- Балалар біз амандасайық, енді шаттық шеңберіне шақырамын.
Сиқырлы таяқша арқылы бір - біріне жылы лебіздерін айтады.

Арайлым:- Аспанымыз ашық болсын
Алмат: - Елімізде тыныштық болсын
Гулнара: Бейбітшілік болсын
Индира: - Ақылды бол
Айгүл: - Күніміз жарық болсын
Диас: - Білімді бол
Ақерке: Отбасымыз аман болсын
Куанышбай: - Әдепті бол
Дильназ: - Татулық болсын
Замир: Әрқашан күн сөнбесін
Меруерт: Достығымыз берік болсын
Ердаулет: Денсаулық тілеймін
- Рахмет, балалар! Орнымызға жайғасып отырып алайық. Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақта шыққан сөз сабағымыздың басты тақырыбы болады.

1. Тиіп кетсе, ән салған,
Дауысына ел тамсанған
(домбыра)
2. Жалт - жалт етер,
Жалмап кетер.
(От)
3. Жуынап деп, жазған – ай,
Күннен күнге азғаны - ай
(сабын)
4. Аяғы жоқ, жүреді,
Аузы жоқ, сөйлейді.
(хат)
5. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(қызылша)
6. Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(қарға)

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық сезім» деп аталады, яғни «достық», «дос» туралы әңгімелейміз. Дос, достық дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым - қатынас, бір – біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезім. Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында ғана емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы: біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен, басқа елдермен жақсы достық қарым - қатынаста. Соның арқасында біздің еліміз қарқынды дамып келеді.
Балалар, егер сендер бір - біріңді ренжітпей, тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы боласыңдар, соның арқасында сендерде де достық сезім пайда болады. Достықтың арқасында қиыншылықтардан құтылуға болады.

Мәтінмен жұмыс (видео көрсету)
Достық туралы көптеген өлең әңгіме, ертегілер бар. Қазір мен сендерге «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып берейін, мұқият тыңдайық.
(ертегіні әңгімелеп береді, ертегі суреттері бейнетаспадан көрсетіледі.)
Енді осы ертегі желісі бойынша сұрақтар қояйын.
1. Қарлығаш қандай қиындыққа тап болды? (жылан өрмелеп келеді)
2. Қарлығаш қандай құстардан көмек сұрады? (көкек пен қарғадан)
3. Көкек пен қарғаның іс - әрекеті дұрыс па? (дұрыс емес, сен біреуге көмектесу олда саған көмектесер еді)
4. Қарлығашқа достық көмегін берген қай жәндік? (дәуіт қарлығашқа көмектесіп, жыланды өлтіреді)
5. Ертегі немен аяқталды? (қарлығаш пен дәуіттің достығымен)

Міне, осындай жағдаяттардан дәйексіз пайда болады. Біздің бүгінгі айтар дәйексөзімізді «Достық – асыл қасиет» деп атайық. Достық бір - біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды. Сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңейміз.
- Балалар, міне біз дос, достық туралы түсінік алдық. Енді, сендер достық қасиет туарлы мақалдар білесіңдер ме?
«Жалғасын тап» Ойыны

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 361
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Келісім түбі - жарастық
Келісім түбі - жарастық
Атырау қаласы, №9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Едишова Бибігүл
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиядан тренинг сабақтар
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиядан тренинг сабақтар
Ақтөбе қаласы, №32мектеп - гимназия психологі Исаева Гульнар Мирамбековна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Біз достықты сүйеміз
Біз достықты сүйеміз
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×