Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің кішкентай достарым

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Атырау обылысы, Исатай ауданы,
Село Тұщықұдық, Чапаев бастауыш мектебінің
өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Нұрмұханова Гүлшат

Құндылығы: «Қамқорлық» құндылықтары ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Қасиеттері: үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;

Сабақтың мақсаты:
- үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;
- үй жануарларына қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;
- қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресустар (құралдар мәліметтер)
Дәптер, түрлі түсті қарандаштар,
Суреттер әдептілік туралы.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: "Нұрға бөлену"

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын...
Нұр менің ішімде...
Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Сабақ барысын талқылау:
Тыныштық сәті:
Жақсылыққа тыныштыққа толы тыныштық сәтін сезінді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Дәйек сөз
«Ит – жеті қазынаның бірі» нақыл сөз.
Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы, көмекшісі екен.
Ит адамдардың жанында жүріп қорғайды, үйлерін күзетеді. Ал біз итті қамқорлыққа алып, жақсы көреді екенбіз.
Сондықтан да «Ит – жеті қазынаның бірі» - деп бекер айтпаған.

Дәйек сөз мағынасын аша білді балалар.

ІV Әңгімелесу:
Балалар, сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?
Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?
Балалар жауабын тыңдап қорытындылау.

Әңгімелеу.
«Жеті қазынаның бірі» аңызын әңгімелеп беру.
- Ит неліктен достыққа адамды таңдады?
- «Ит – адамның досы» деп неліктен айтады?
Балалар әрқайсысы өзінің кішкентай достары жайлы әңгімелейді.

Сұраққа жауап берді.
«Шоқ гүл» қимылды ойыны.
V Шығармашылық жұмыс:

Топтық жұмыс:
Үй жануарлары суретін салу, мүсіндеу, жапсыру.
-Топтық жұмыс жүргізілді.

ІV Топпен ән айту: Ақ бұзау
Ақ бұзауым ұнайды,
«Мө - мө», - деп сүт сұрайды.
Ақ бұзау жақсы фермада,
Апарамын көрмеге.
Келеді өсіп күн санап
Қоямын ба тұмшалап
Тұмсығын созып қарайды,
Тілімен мұрнын жалайды

«Ақ бұзау» әнін топпен айтты
ІІV Үй тапсырмасы
Ақ бұзау өлеңін жаттау

ІІІV. Соңғы тыңыштық сәті:
Балалар, денелеріңді түзу ұста, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып. ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа толы, жақсылық, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғандарын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашыңдар.
Мадақтау
Тыныштық бар жерде, тыныштық бүкіл әлемде.
5 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту
Жақсылықпен жаным дос
Жақсылықпен жаным дос
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×