Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат - тал бесігің, аялай біл!

27 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Астана қаласы, №68 орта мектептің
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі,
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Есенбаева Роза Түзелбайқызы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Сабақтың құндылығы: Дұрыс әрекет
Сабақтың қасиеті: Ұқыптылық, мейірімділік, жауапкершілік;
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.
2. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.
3. Оқушыларды ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер, қосымша әдебиеттер)

Сабақтың барысы:
1. Оңтайлы күйге келу кезеңі. Тыныштық сәті.
(Тыныштық менің ойым, сезімдерім, жан - дүниемде, тыныштық... бүкіл әлемде).
Тыныштық сәті «Күнге ұқсау»
Қане, бәріміз бізге нұрын шашып тұрған Күнге ұқсайық!
(Баяу әуен қойылады)

• Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылу мен жарық шашқан Күннің көзіне айналдық... Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап - жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді, ол – тек шындықты айтады. Ал, құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз) Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай керемет жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңізді ашуға болады.

2. Үй жұмысын тексеру:
*Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
*Табиғат та жылай ма?
*Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін? Бейнефильм көрсету: «Табиғатты қорғайық, аялайық!»

Сабақ барысын толықтыру:
Бейнефильм көрсету:
«Табиғатты қорғайық, аялайық!»

3. Әңгімелеу (сұхбат)
*Назар аудару: «Барша байлықтың анасы – Жер» Ы. Жақаевтың нақыл сөзін оқу, мағынасын ашу, түсіну.
*Қ. Толыбаев «Қайыңның қасіреті» мәтінмен жұмыс.
*К. Салықов «Арал кеуіп кетпесін!» өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
* «Арал: Кеше. Бүгін. Ертең» бейнефильм көрсету
*Қазақстанның физикалық картасы

*Бейнефильм«Арал: Кеше. Бүгін. Ертең»

4. Дәйексөз
«Адам табиғатқа тәуелді болса,
Табиғат та оған тәуелді» А. Франс
*«Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» деген қанатты сөздің мағынасын қалай түсінеміз?
*Табиғаттың тепе - теңдігінің бұзылуы қандай жағдайға апарып соқтыруы мүмкін?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
*Адам – табиғаттың ең сенімді серігі, айнымас досы, қамқоршысы.
( Оқушылардың ой - пікірі, көзқарасы, пайымдауларын тыңдау )
1 - ші оқушы: Табиғат - мен үшін қуаныш, өйткені мен табиғаттың сұлулығын көріп қуанамын, шаттанамын, сүйсінемін.
2 - ші оқушы: Табиғат - мен үшін «денсаулық ордасы» сияқты, себебі таза ауамен демалып, саясында асыр салып ойнасақ денсаулығымыз мықты болады деп ойлаймын.
3 - ші оқушы: Табиғат – мен үшін «мәдениет ордасы», себебі табиғатқа серуенге шыққанда табиғаттың тұтастығын бұзбай, әдемілігіне, сұлулығына қарап, мәдениетті болуға тырысамын.
4 - ші оқушы: Табиғат – мен үшін шығармашылыққа жетелейтін тылсым күш сияқты, себебі сұлулыққа жаны құмар адамдар: әншілер ән айтып, күйшілер күйін арнаса, ақындар өлең шығарып, суретшілер суретпен бейнелейді.

*«Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау» ойтолғау жазу
*Табиғатқа менің айтар тілегім...(оқушылардың тілектерін тыңдау)
*Табиғатты қорғау туралы мақал - мәтелдер мен қанатты сөздерді жатқа айту,
мағынасын ашып түсіндіру.
*Дәптермен жұмыс
Түрлі - түсті қаламдар мен ақ қағаздар;

6. Үй тапсырмасы:
7. Топпен ән айту: Е. Хасанғалиев «Бозторғайым»
10 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту арқылы табиғат - тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіндіру;
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОММДШО шет тілі мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасары Сайлыбаева Бақтыбала Аманбайқызы
Табиғат сыйы
Табиғат сыйы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Табиғат - тіршілік белгісі
Табиғат - тіршілік белгісі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті М. Әуезов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнің мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат - тал бесігің, аялай біл!»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×