Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмірді танып білуге құштарлық

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Мұғалім: Омарова Сагдат Бакеновна
Сабақтың тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т. б
3 сынып
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: «Өзін - өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
• Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;
• Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
• Өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті
- Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз... Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін...
Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар... Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен - ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.
Ал, енді «бір, екі, үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Үй тапсырмасын тексеру
- 2 сыныпта өзін - өзі танудан не үйрендіңдер?
- Өз өзіңе, өзге адамдарға, табиғатқа деген көзқарастарың өзгерді ме?
- Жазғы демалыста қандай қызықты оқиғаларды бастан кешірдіңдер?

Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру Мәтінмен жұмыс М. Төрежановтың «Алтын балық»әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып, ондағы әр - бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдау.

Дәйексөз «Өзін өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі» деп тақтаға жазып, мәніне тереңірек тоқтау. Дәйексөзді дәптерге жазып алу.

Шығармашылық жұмыс:
Тақырыпқа байланысты эссе «Мен қандай баламын» жазу

Топпен ән айту «Жас ұлан»
Қазағым менің ұлы елім,
Ғаламның ашқан түнегін.
Кең байтақ алтын өрісім,
Өзіңдей асқақ жүрегім!

Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

Мен сенің бастау бұлағың,
Өзіңе шашу бұл әнім.
Сап түзеп шықты нық басып,
Қырандай берік ұланың.

Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.
Дәптермен жұмыс Өзін - өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, сол тілектерді бос жолға жазу.
Үй тапсырмасы: «Менің өмірімде болған қызықты кездер» тақырыбына эссе жазу.
Соңғы тыныштық сәті:
- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық.
3 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ойлы бала озар
Ойлы бала озар
Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді.
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту
Өмірді танып білуге құштарлық
Өмірді танып білуге құштарлық
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әріпова Марал
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×