Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойнай білу де - өнер

22 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Қызылорда облысы, Арал қаласы,
№64 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Абишова Жанар Жұматайқызы

Өзін - өзі тану пәні 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де - өнер
Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік ы: шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіну.
Дамытушылық: Жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, дискуссия
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а). Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
ә). Оқушы зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а). Әдеп, әдемілік сөздерінің мағынасын түсіндір.
ә). Сендер әдемілік үлгісін қалай көрсетер едіңдер?

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі
Барлығы қосылып «Айгөлек» әнін шырқайды.
Әңгімелесу Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?
Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?
Тапсырма Балалардың ойын кезіндегі қарым - қатынастарға деген көзқарасын білу мақсатында жаттығу - ойлану ұйымдастырылады. Берілетін тапсырмаға оқушылардың зейінін аударту:
- Ойын кезінде достарыңмен әр - түрлі келіспеушілік жағдайлар, реніштер болып жатады. Сондай сәттерде қандай шешім қабылдайсыңдар?
Оқушыларды топ - топқа бөліп, әр топқа бір жағдаяттан беріледі.
1. Аяқталмаған ойын.
2. Кім ақылды?
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру мақсатында
мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар мәтінді оқып, талдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Дәйексөз - Сенеканың «Бәрінен күшті адам - өзіне - өзі ие болатын адам» деген нақыл сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтыру арқылы ой қорытылады.

Ойын
Балаларды да жақсы қарым - қатынаста ойнай білуге дағдыландыруда ойын ұйымдастыру. Ойынның шарты: Бір - бірінің ойын кезіндегі жақсы қылықтарын айтып, мадақтау. Жанар сен ақылдысың.....

Қорытындылау
- Ойын - еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен сергітудің құралы және ұжымдық, ұйымдық әрекет. Бірге ойнау кезінде әдептілікпен қатар, әділеттік те қажет. Дөрекі сөз айтып даурығу, бірін - бірі мазақтау - мәдениетсіздік, әдепсіздік болып табылады. Кешірімді болу, әділетті болу, дос көңілін қалдырмау - нағыз адам болуға жетелейді.

Үй тапсырмасы: Кешірімді болу дегеннің не екенін түсіндіріп айтып беру.
Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтып шығады.
- Достықты қадірлей білейік!
- Әділетті болайық!
- Мәдениетті болайық!
- Әдепті болайық!
- Ойын бәрімізге қуаныш сыйласын!
- Ойнайық та, тойлайық!
Сұлтан Қалиевтің «Біз ойнаймыз» өлеңін айту.
Қызық біздің аулада,
Алуан ойын ойнаймыз.
Астық тасып қамбаға,
Сабан тойын тойлаймыз.
5 850
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаным толған жақсылық
Жаным толған жақсылық
Дәйексөз. Ы. Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіремін. Яғни біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығыңды бұлдап, міндет етпеу керектігін айтамын. Адамға жақсылық жасаған соң
Ақылды тыңдай білу де өнер
Ақылды тыңдай білу де өнер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Рая Жеңісқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Ғажайып алаң
Ғажайып алаң
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп Адильгереева Жания Наурызбайқызы
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×