Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы жарастығы

22 қараша 2016, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары 5 сынып
Тақырып: Отбасы жарастығы
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру
- отбасында жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктері дамыту
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Слайд, плакат, стикерлер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. (топқа бөлу) Тыныштық сәтi.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім: Балалар, денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары
көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстап, денемізді бос ұстаймыз.
Айналадағы барлық тіршілік иелері сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатыр. Сіздер жанұяларыңызбен бақытты сәтті бастан өткізіп жатырсыздар. Көңіл - күйлеріңіз өте жақсы, сіздер күліп, тамаша сезімдерге бөленіп жатырсыздар. Тұла бойларыңызға махаббат пен жақсылыққа толды.
Енді көзімізді ашып, бастапқы қалпымызға оралайық.

Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе ол әдепті, ақылды азамат болып шығады.

4. Әңгiмелеу
- Балалар, біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы әңгіме қозғаймыз.
- Отбасы дегеніміз не?
- Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.
- Сен отбасында кімсің?
- Мен отбасының мүшесімін, әке мен анамның баласымын, атамен әжемнің немересімін.
- Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым – қатынас жасайды?
- Әңгімелеседі, бір – бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.
- Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?
- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше, кешіріңіз.
- Өз үйіңде сен үшін ең қымбат нәрсе не?
- Жақсы көңіл - күй, сыйластық, татулық
- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір - біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы, бір – бірімен ынтымағы татулығы, бірлігі отбасы жарастығын құрайды.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сахналау «Сыйластық»
1. Ата, әже болып ақыл айту
2. Әке болып еркелету, ана болып мейірімді болу.
Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме құрау.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ
Бала - жағасындағы құрақ.

Ата – бәйтерек
Бала - жапырақ.

Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.

6. Топпен ән айту.
Әкем әнім
7. Үй тапсырмасы.
Менің отбасым әңгіме жазу,
отбасы суреттерін алып келу (сурет көрмесін өткізу.)

8. Соңғы тыныштық сәтi.
Оқушылар жүрекшелерге отбасына, жақындарына деген ыстық тілектерін жазып жүрекке апарып іледі.

«Сам мектеп – балабақша кешені» КММ
Мұғалiм: Мамбетова Назгүл
4 403
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру; отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
Денсаулық – өмір негізі
Денсаулық – өмір негізі
Құндылық: денсаулық, адам, өмір Қасиеттер: қамқорлық, қадірлеу Сабақ мақсаты: оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Риясыз сүйіспеншілік
Риясыз сүйіспеншілік
«Абайтану» орталығы мен «өзін - өзі тану» пәні сабағының байланысын түсініп, рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атамбаева Әсел
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×