Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі

16 ақпан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептегі педагогикалық үдерістің тұтас негізі»
Мақсаты: Мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы мағлұмат беру. Өз бойымыздағы құндылықтарды іс жүзінде қолдану.
Міндеттері:
А) Білімділігі: құндылықтардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
Б) Дамытушылығы: өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
В) Тәрбиелік мәні: мейірімділікке тәрбиелеу;
Ресурстар: Инетерактивті тақта, оқулықтар, тірек сызбалары, суреттер

Жоспар:
1. Жалпыадамзаттық құндылықтар рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасы туралы
2. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері (бес құндылық)
3. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім берудің басқа пәндермен интеграциялау
Өзін - өзі тану сабағының бір элементі «Тыныштық сәті» бұл элементті кез - келгеніңіз сабақтарыңыздың барысында оқушылар шуылдап кеткен сәттерінде пайдалануға болады.

«Теңіз түбіне саяхат»
Мұғалім: — Көзіңізді жұмыңыз бірнеше рет терең тыныс алыңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхатқа шығамыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екені түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Сіз су астындасыз, жан - жағыңызға қараңыз, мұнда әсем балықтар, сегізаяқ, ғажайып балдырлар қаншама. Су асты неткен қызықты әлі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға, өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Делфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сынып оралыңыз, өз орныңызға келіңіз бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы тыныштықты бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Мұғалімге арналған екі ереже
1. Басқаларға үйреткеніңді, алдымен өзің орында.
2. 1 - ережеге қара.
«Оқушы толтыратын құты емес, жағатын алау!» деген нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да
Адольф Дистервег
(1790 – 1866)
Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім) – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.
Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай - күйлерді құндылықтар деп аталынады.
Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды: өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады.
Т. И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.
Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан - дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл - ой, сезім, күш - жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш - жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілді, ақкөңілділік, сабарлық және т. б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани - адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді (1 - сурет).
Оқыту үдерісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.
Мәңгілік құндылықтар – білім негізі және оның өзегі болып табылады.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар және
адам тұлғасының құрылымы
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:
Қиянат жасамау – рухани деңгей,
Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция),
Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл - ой, сөз),
Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім),
Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір - біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндерге ықпалдастыру мысалдары
«Өзін – өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының ерекшелігі «Өзін - өзі тану» пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру арқылы сабақтың рухани маңыздылығын күшейту, баланың санасын кеңейту. «Өзін - өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру» тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Өзін-өзі тану мұғалімі Бакирова Аягоз Берикбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 908
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚАТ
Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚАТ
Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін - өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебі Мусипова Ғалия Оспановна
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Б. Т. Ешмұхаметова
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×