Білімділер поралы

Ізгілікке бастар жол

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №34
Мерзiм ___________
Тақырып: Ізгілікке бастар жол
Сабақ реті: 1
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Қиянат жасамау, ізгілік, мейірім, адамгершілік
Мұғалiм: Мұхаметқали Е.
Сынып: 6
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін түсіндіру;
Міндеттері:
- оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;
- оқушыларды ізгі іс істерге жетелейтін адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: аудиокассета

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: Орманға саяхат
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да, оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым - жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1 - 2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл, әрі тыныш және бақытты сезіну қандай! Табиғат неткен ғажап! Оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым - жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, айналаға күлімсіреңіз!

2. Үй тапсырмасын тексеру.
5 құндылықты еске түсіру
Сабақ барысын талқылау:
3. Әңгімелеу(сұхбат):
«Ойланайық, пікірлесейік!» айдарындағы әңгімені оқу:
1. Өзін - өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?
2. Осы қасиеттер іс жүзінде қалай көрініс табады?
3. Өзіңе және өзгеге жасаған ізгі істерің сендерді қандай сезімге бөлейді?
4. Жазғы демалыста жасаған ізгі істерің туралы айтып беріңдер?
4. Мәтінмен жұмыс.
«ІЗГІЛІК» (Құтты білік шығармасынан үзінді)
Жүсіп Баласағұн
• «Қайырымды жан қайырым етпес есеппен» деген өлең жолының мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Ізгілік неліктен асыл қасиет ретінде бағаланады?
• Айналаңдағы адамдарға жақсылық жасау қандай нәтижеге жетелейді?
5. Дәйексөз:
«Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз».
М. Жұмабаев
• Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
6. Дәптермен жұмыс
Нақыл сөзді оқыңдар.
Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Деген сұрақтар негізінде ой тұжырымдарыңды жасаңдар.
7. Тапсырма.
Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасаңдар.
Мысалы:
Ізгілікті болу үшін:
- Мейірімді болу;
- Үлкендерді сыйлап – құрметтеу;
- Өзіңді қоршаған адамдарға көңіл бөлу;
- Әлсіздерге көмектесуге ұмтылу;
- Достарыңмен ізгілікті қарым - қатынаста болу және т. б.
8. Қорытынды.
Адамның мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып - білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.
8. Үй тапсырмасы.
2 - сабаққа берілген «аңыз әңгімені» оқып келу
9. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 151
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 151
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика