Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арман – жарқын болашақ бейнесі

26 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Арман – жарқын болашақ бейнесі
Сабақтың мақсаты:
- Жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету, өмірге өзінен деген әсемдік сезімін арттыру.
- Арман туралы, оның әлеуметтік, қоғам сипаты, арманға жету жолдары және ізгілік қасиеттерін дамыту.
- Оқушылардың талдау, сараптау дағдыларын дамыта отырып,
әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру.
№13 сабақтағы М. Шахановтың «Арман» мәтінін оқып келу тапсырылған.
- Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?
- Ой алшақтығы нені меңзейді?
- Арманның адам болашағына әсері қандай?
- Ал балалар, сендердің армандарын қандай?

Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
«Арман деген көп белес - біріне шықсаң, бірі бар»
Ғ. Мұстафин
(Дәптерлеріне жаздырып, оқушыларға дауыстап оқытып, өз ойларын ортаға салу)

Әңгiмелеу
Әңгіме «Арман тау»
Ертеде бір үйдің екі ұлы болыпты. Бірінің аты Айдан, екіншісінің аты Нұрдан екен. Екеуінің ақылды, сабырлы, көркем мінезді балалар екенін бүкіл ауыл біледі екен. Олар үнемі ақсақалдардан, өздерінің әке, шешелерінен көп адам бара алмайтын бір тау бар екенін, оның ең биігінде жалғыз гүл өсетінін естиді. Осы гүлді кімде - кім шешелеріне сыйласа, сол баланың анасы дүниедегі ең бақытты адам болып, барша тілектері орындалады екен. Адамдар бұл туралы қаншама естіп жүрсе де, алыс тауды іздеп шығуға тәуекелдері бармайды.
Ал, аналарының барлық ізгі тілектері орындалып, бақытты болғанын қалаған айдан мен Нұрдан тауды іздеуге шығады. Бұлардың алыс тауға қасиетті гүлді іздеп кеткенін ауыл түгел естиді.
Кейбіреулері аман аман-есен келетініне сенбесе, біреулері үлкен үмітпен күтіп жүреді. Екі бала алыс - алыс жол жүреді, қатты шөлдейді, қарындары ашады, шаршайды. Бірақ соған қарамай таудың биігін шығып, Гүлді де табады. Кез келген жерде өспейтін таңғажайып гүлді ауылдарына әкеліп, аналарына сыйлайды. Ауыл түгел жиналып, таңғажайып гүлді көздерімен көріп қуанады. Ақсақалдар «енді ауылымыз көркейеді» деп балаларға алғыс айтады. «Алыс тауға» баратын жол салынды деп жар салады.
Айдан мен Нұрданның тек қана жақсылықпен ізгілік ойлайтын анасының бұрын армандаған барлық тілектері орындала береді. Жаңбыр жаумай қиналған ауылға қайта - қайта жаңбыр жауады, жер көгереді, егін өседі. Ауыл балаларының ішіндегі ақылдылары «алыстағы тауға асығып, таңғажайып гүлді» әкеліп аналарының, елдің ықыласына бөленіп жатады. Ал, біреулері шаршап, шалдығып, жарты жолдан қайтып келеді. Сөйтіп бұл ауыл керемет шаһарға айналады. «Алыстағы тау мен гүл» Нұрданның есімдерін халық қадір тұтып өз балаларына үлгі қылады.

Сұрақтар:
1. Балалардың арманы қандай еді?
2. Балалар өз армандарына бойындағы қандай қасиеттің арқасында жетті?
3. Ал сендер балалар, өз армандарына жету үшін қандай құндылықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Менің арманым» тақырыбында шағын шығарма жазу.
(Баяу музыка қосылады)
Топпен ән айту.
«Ақ желкен арман»
Сөзі: Ұ Есдәулетовтікі
Әні: Т. Мұхамеджановтікі
Ақ желкен арман
Бұлдырап алдан
Жағада тұрмын дауыстап
Балалық кезім,
Бейкүнә сезім,
Ақ желкен болып алыстан
Өкініп кейде
Өксиді кеуде, Өмірдің заңы қатал – ақ
Ақ желкен дейін,
Аңсатты - ау кейін,
Алғашқы мөлдір махаббат
Ақ пейіл аспан,
Моншағын шашқан,
Көз жасы бекер тізілмес
Ақ желкен арман,
Шақырар алдан,
Үміттің жібі үзілмес
Үй тапсырмасы.
№14 сабақ. 63 бет Н. Келімбетов «Үмітімді үзгім келмейді» мәтінін оқу.

Соңғы тыныштық сәтi.
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

Арман – жарқын болашақ бейнесі. жүктеу
2 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің арманым
Менің арманым
Арман қиял жетелейді алысқа, Армандайды бала қиял шарықтап. Әкім болып ел басқару арманым, Іске асырып тілектерін халқымның.
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Арман – жарқын болашақ бейнесі
Арман – жарқын болашақ бейнесі
«Арманына қадам бас!» атты әңгімені шынайы өмірмен байланыстыра отырып балалардың «Дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Армандай  білеміз бе?
Армандай білеміз бе?
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебі бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Армандай білеміз бе?
Менің арманым
Менің арманым
Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз. Бүгін өтетін тақырыбымыз "Менің арманым". Мөлдіреген көк теңіздің жағасында, өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×