Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата- ана баласымен бақытты

03 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Ата - ана баласымен бақытты
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл білген. Ата - ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы.

Бала тәрбиесіне қағидалар.
1. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір - қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қатынасын жасаған абзал.
2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай - тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
3. Егер өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят
4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата - анасы тыңдап, ақыл - кеңес беруі керек.
5. Ата - ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.
Мейірімділік – адамның бет әлпетінен, іс - әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде - кім басқа адамның ақыл - ойы, мүлде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп - жебесе ол мейрімділікке жатады.

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата - ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алғаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.

«Мейірімділікті анадан,
Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.
Бір біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілікті мол асыл қасиеттерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікір алмасу түрінде өткен ата - аналар жиналысымды тамамдаймын.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.
11 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы – тәрбие бастауы
Отбасы – тәрбие бастауы
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Ата - ана бақыты - бала тренинг
Ата - ана бақыты - бала тренинг
«Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата – ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
Музыка пәні мұғалімі Гульназия Сагынганова
Отбасы - тәрбие бастауы
Отбасы - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің педагог – психолог, өзін - өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Мен және жанұям
Мен және жанұям
Ақмола облысы, Зеренді ауданы КММ "Пухальск негізгі мектебінің" бастауыш сынып және химия, биология пәндері мұғалімі Абдрахманова Жадыра Серкбаевна
Тәуелсіз елдің білімді отбасы
Тәуелсіз елдің білімді отбасы
Астана қаласы, №45 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Амиржанова Махсут Жақанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×