Білімділер поралы

Адам абыройы

Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Өзіне - өзі сенімді болу, әділеттілік, ұқыптылық, әдепті болу.
7 сынып
Сабақтың мақсаты: Абыройлы болу үшін дұрыс әрекет құндылығының мағынасы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Өзіне - өзі сенімді болуға үйрету;
Дамытушылық: Қоғамда әділетті болуға баулу;
Тәрбиелік: Қарым - қатынаста ұқыпты болуға, әдепті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қадыр Мырза - Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жатқа айту.

3. Дәйексөз
«Абырой – ар еңбегі» қазақ мақалы
- Дәйексөзді қалай түсінесің?
- Абырой дегеніміз не?
- Ар деп нені түсінесің?

4. Әңгімелесу
Адам не үшін өмір сүреді?
Мамытбек Қалдыбай
- Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?
- Момышұлының «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?
- Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар - намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
- Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыс - тырар едіңдер?
- Азамат болу – абыройлы болу ма? Неліктен?

5. Шығармашылық жұмыс
1 - тапсырма: Мақал - мәтелді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарыңдар?
• Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.
• Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
• Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер.
• Адамгершілік абырой әпереді.
• Абыройды жасыңнан сақта!

2 - тапсырма: Төмендегі ой - тұжырымды оқып, абырой туралы өзің қорытыңды жаз.
... Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық. Өйткені ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді. Ал, не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты өзгеріп кеткен. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көсе көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйдің сорпа – суына мол, дәулетті кісіге бітетін көрінеді?!

Мектеп: «Н. Төреқұлов атындағы №121жалпы орта мектебі» КММ
Пән мұғалімі: Мырзалиева Гаухар Сұлтанқызы

Адам абыройы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 147
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 147
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика