Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - ана алтын тұғырың

05 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: «Ата - ана алтын тұғырың»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсы көру, кішіпейілділік, аянбай қызмет ету
Сабақ мақсаты: «Ата - ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету;
2. Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
3. Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
2. Үй тапсырмасын тексеру. №19 сабақтағы
Ғабит Мүсіреповтың «Ақлима» әңгімесін оқып келу 124 бет
Сұрақтар:
а) Ананың құдіреті деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
б) Ата - анаға деген сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз?

3. Дәйек сөз.
«Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».
Қорқыт
(Дәптерлеріне жаздырып, дауыстап оқыту балалардан қалай түсінетінін сұрау)
4. «Ата анаға құрмет» видеосын көрсету.
5. Шығармашылық жұмыс,. топтық жұмыс
«Ата - анама хат». Оқушылар ата - аналарына арнап хат жазады.

6. Топпен ән айту.
«Ана туралы жыр»
Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі
Әні: Ш. Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

7. Үй тапсырмасы. №20 сабақ, Б. Соқбақбаев «Менің атым Қожа» оқып келу
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Тыныштық, тыныштық,
Тыныштық тыныштық
Бар жерде
Тыныштық, тыныштық
Тыныштық, тыныштық
Бүкіл әлемде.
2 089
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырып: Тәртіп пен парыз
Ата - анаң - алтын тұғырың
Ата - анаң - алтын тұғырың
Ата - анаң - алтын тұғырың тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ата - анаң – алтын тұғырың
Ата - анаң – алтын тұғырың
Ата - ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу; Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа, тәрбиелеу.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Риясыз сүйіспеншілік
Риясыз сүйіспеншілік
«Абайтану» орталығы мен «өзін - өзі тану» пәні сабағының байланысын түсініп, рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Ана – өмір тірегі
Ана – өмір тірегі
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру. Міндеттері: - Оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім - ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×