Білімділер поралы

Мейірімділік - адамдардың жанын жылытатын күннің көзі

Тақырыбы: «Мейірімділік - адамдардың жанын жылытатын күннің көзі»
Мақсаты:
Мейірімділікте өмір сүру бақыт екенін түсіндіру және балалардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырмалар, суреттері сызбалар, жүрекшелер, түсті қағаздар
Әдіс тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру жұмысы, ой бөлісу, жапсырмалау

«Шаттық шеңбері»
«Шаттық шеңбері» аясында бір - бірімізбен амандасайық.
Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді.)
Қуанасың сен де, (Жанындағы досын көрсетеді)
Қуанайық, достарым, (Бір - бірінің қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді)
*Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)
Балалар топпен жұмыс жасайды
І топ «Күн шуақ»
«Біз күнбіз, шуағымызды сіздерге сыйлаймыз»
ІІ топ «Нұрлы жүрек»
«Біздің жүрегіміз сіздерге жақсылық тілейді»
ІІІ топ «Жылы алақан»
«Біздің алақандарымыз, сіздерге көмектеседі»
ІҮ топ «Керемет көңіл»
«Біз сіздерге жақсы көңіл күй сыйлаймыз»
Ү топ «Жан жылуы»
«Біз сіздерге жанымыздың жылуын береміз»
Біз танысып алдық.
«Мен қандай баламын?»
(қосымша тапсырмалары арқылы өз өнерлерін, хоббиін әңгімелейді)
Үлкен азамат, еңбекқор екенсіздер, олай болса, бүгінгі тапсырмалар сіздер еш қиындықсыз орындай алатындықтарыңызға ешқандай күмән келтірмеймін.
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы: Қобдишаны бір - біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан - жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.
Талдау: жан - жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?
- сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?
- Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?
- Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан - жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше сіздердің «сиқырлы қобдишадан» күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия
ойындар мен тапсырмаларға толы тренингімізді бастаймын.
ЕРТЕГІНІ САХНАЛАУ «Байлық, бақыт, ақыл»
Автор: - Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосыпты. Олар өзара өткен - кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөз алады. Байлық (кеудесін қағып,):
- менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлікке бай, ішіп - жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.
Автор: - Сонда Бақыт былай дейді:
Бақыт:- Мен бақпын. Кімнің басына қонсам, соның атақ - даңқын аспанға көтеремін, дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін. Ақыл (сабырлы түрде):- О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит көйлекті сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен - Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуміз де адам баласына
қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де, айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.
Автор:- Сөйтіп үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан былай дейді. Данышпан:- Өмірдің өзі сабақ: «Байлық - бір жұттық». «Бақыт баянсыз». Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады.
«Шатасқан сөздер»
мен, Адам, ең, ақыл, тамаша, білім, бойындағы, нәрсе -,
«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл»
Ж. Баласағұни
«Алтын ақыл» (барлық топқа бір ақылдан беріледі)
*Үйде, мектепте, «Сәлем», «Сәлеметсіз бе», «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі сөздерді айтуды ұмытпа.
*Жасы кішілер үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс.
Мұны есте сақта
*Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе.
*Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр.
*Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен.
*Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым деп, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
*Ата - анаңның мейірім шуағын сезініп қадірлей біл.
*«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңда ұста.
«Мейірімділік» моншағын тізу жаттығуы» (Әр сөздерді, әр істерді орындаған соң моншақ ретінде тізіп отыру.)
«Әңгімелесу»
Мейірімді адам - ол қандай болады?
*Мейірімді, қайырымды адам – қиын сәтте қол ұшын беруге, көмектесуге даяр адам.
*Жақсылық жасайтын адам.
*Табиғатты сүйетін адам.
*Аң жануарлар мен құстарға қамқорлық көрсететін адам.
* Сыпайы, әдепті, жинақы адам.
*Үлкенді сыйлайтын, достарын сыйлайтын адам.
« Сөздермен жұмыс:»
«Қалай ойлайсыңдар? Қатігездік көп пе, қайырымдылық, мейірімділік көп пе?
(сөздердің қарама - қарсы мағынасын табу)
*Жаман – жақсы
*Қатігездік – қайырымдылық
*Соғыс – бейбітшілік
*Аямаушылық - қолыашықтық
*Дөрекілік – әдептілік
*Қаталдық – мейірім
*Өтірік – шындық

Ойын: “Ертегі кейіпкері – қайырымды ма әлде қатігез бе?”
Барлықтарың ертегіні жақсы көресіңдер. Ертегілердің ең басты тақырыбы – қайырымдылық пен қатігездік. Кейіпкерлер де көп. Қазір мен ертегі кейіпкерлерін
атаймын, ал сендер оның қандай екенін айтасыңдар, ауызша емес, қайырымды болса - алақан соғамыз, қатігез болса – аяқ пен тоқылдатамыз.
Мақтақыз, Бауырсақ, Тоқылдақ, Қаңбақ шал, Қарлығаш, Таусоғар, Дәу, Алдаркөсе, Жеті лақ, Қасқыр, Мыстанкемпір, түлк «Құрастыру» ойыны (Данышпандар сөйлейді)
1) «Адал жанды өнеге тұт өзіңе». Жүсіп Баласағұни.
2) Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық. Ғабиден Мұстафин.
3) Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол. Нұржан шешен.
4) Үлкенді ізетте,
Кішіні құрметте. Бауыржан Момышұлы.
5) Мейірімділіктің жолы - жарық күн. Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
6) Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл. Ш. Құдайбердіұлы
«Опликация»жаттығуы: мұнда әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру жасау арқылы белгілі бір бейнені білдіреді.
Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басыларыңыз таңдауға болады.
1 топқа – қызыл, жасыл түс (гүл жасайды)
2 - топқа – көк, сары түс ( аспандағы күн )
3 топқа - көк, ақ түс (бұл топ Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін бейнелейді)
4 - топқа - сұр мен жасыл ( ағаш пен жапырақ)
5 - топқа - көк пен ақ (аспан мен көгершін)
6 - топқа - сары мен қызғылт (ара мен гүл)
Әр топ мақал айтып жұмыстарын түйіндейді.

Қорытындылау «Мейірімділік» моншағын тізіп, ілу
Ақыл мен білім, мейірімді жүрек адамды жақсы нық қадам жасауға бастайды.
«Мейірімділік»- адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.
Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. Мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.
Мейірімділікті адамның көзінен көруге көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.
Ән: «Бала тілегі»
Мейірімділік - адамдардың жанын жылытатын күннің көзі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 109
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 109
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика