Білімділер поралы

Адамгершілік – асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты: балалардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т. б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері.
Нақыл сөздер:
1. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі – ысырапшылық күнәсімен бірдей.
2. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
3. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адамгершілік - асыл қасиет». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т. б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.
- Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады. Ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Шәкәрім.
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.
Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т. б. көптеген сапалар кездеседі.
Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы.
Жарық - күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан - шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Кәне бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?
Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше баладан ойлаған ойлары сұралады).
- Менің әскердегі ағайым аман - сау жүрсе екен.
- Аңсаған оқуыма түссем екен.
- Жер шарында тыныштық болса, т. б. ойлар айтылады.
Адамгершілік – асыл қасиет жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 68
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 67
Роботтар: 3
Спанова М
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика