Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәртіп пен парыз

20 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Тәртіп пен парыз
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Адалдық, құрметтеу, жауапкершілік
1 сынып

Сабақ мақсаты: Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдары туралы дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсінік беру.
Міндеттері:
• Оқушыларға тәртіп пен парыз сөздерінің мәнін ашу;
• Оқушылардың жауапкершілік қасиетін дамыту;
• Оқушыларды адалдыққа, құрметтеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, интерактивті тақта, плакаттар, үнтаспа.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады? Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
(Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу).
1. Осы кейіакерді не үшін салдыңыз?.
2. Кейіпкердің қандай қасиеттері сізге ұнайды?.
3. Тағы қандай кейіпкерлерді ұнатасыздар?
3. Дәйексөз
«Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,
Үлгісімен қуантады түбінде».
Жүсіп Баласағұни

Алдымен екі рет оқып шығып, сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынамын. Ұлдар 2 - рет, қыздар 2 - рет қайталайды.
1. Тәртіпті бала қандай бала, қалай ойлайсыздар?
2 Тәртіпті бала кімдерді қалай қуанта алады?

4. Әңгімелеу
«Шымшық оқиғасы» әңгімесі тыңдалады. (видеоролик).
Сұрақтар:
1. Балалар неліктен бұл «Шымшық оқиғасы» деп аталады?
2. Әкесі не үшін 3 рет сұрағын қайталады?
3. Қалай ойлайсыздар ұлы әкесіне дұрыс жауап берді ме?
4. Баласы өз қателігін қалай түсінді?
5. Өздерің ата - аналарыңды қалай сыйлап, құрметтейсіңдер?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
1. Оқушыларға тәртіпті оқушы дегенге ауызша әңгіме құрастыру.
Сыныпты 2 топқа топтастырып, тапсырма беремін.
1 - топ: Оқушыларға тәртіпті оқушы дегенге ауызша әңгіме құрастыру.
2 - топ: «Әдепсіз оқушы» деген қысқа әңгіме оқып беріп, сахналау.

6. Топпен ән айту
«Балдырған» әні.
Сөзі: Рауза Архабаеванікі
Әні Айжігіт Асановтікі.

Біз кішкентай балдырған,
Қылығымен таң қылған.
Біздің орта көңілді,
Отты үрлеп жандырған.

Қайырмасы:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балдырғанға құлақ ас.
Секір, жүгір, тоқтама,
Ой болмасын жасырмас.

Балдай тәтті балдырған,
Құмарымды қандырған.
Өнер тамған саусақтан,
Жоқ нәрсені бар қылған.

Мектеп: №51 мектеп - гимназиясы
Мұғалiм: Калдарова Гульдана Жақсылыққызы
Тәртіп пен парыз жүктеу
2 701
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдептілік, ұқыптылық, адалдық. Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×