Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімділік – асыл қасиет

03 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану
Сабақ тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты
Білімділік: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қайырымдық көрсетуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Мейірімділікті білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
«Өзін - өзі тану» курсы адамға өзін - өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі.
(Сара Алпысқызы Назарбаева)

Үй тапсырмасы
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.

Абай Құнанбаев
Абайдың қара сөздері.
Он төртінші сөз.
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі.

Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Жаңа сабақ
Мейірімділік – асыл қасиет
Мен апамның ай мен күні
Апам мені: “Айым” – дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мені: “Күнім” – дейді,
Мен қуансам күлімдейді.

Ойланайық, пікірлесейік
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Ой толғаныс
Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
“Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады” дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Мен мейірімді баламын!
Мейірімділік – асыл қасиет жүктеу
5 440
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша алған білімдерін бекіту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
Қара сөздер. Абайдың он төртінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың он төртінші қара сөзі
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да
Адам болу — арманым
Адам болу — арманым
Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. - Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. Өлеңнен бес асыл қасиет талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігін түсіндіру. Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру.
Жетімді жебеп, қолдаған жан
Жетімді жебеп, қолдаған жан
«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×