Білімділер поралы

Әдептен озбайық

Өзін - өзі тану 9 сынып
Тақырып: № 21 Әдептен озбайық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдептілік, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тәртіптілік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеп туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға әдептіліктің маңыздылығын ашу арқылы, сыйластық туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға қоғам алдында өзін дұрыс ұстай білуге үйрете отырып, тәртіптілікке баулу;
Тәрбиелік: Оқушыларды үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу! 5«Т» ұстанымын еске түсіру
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену
1. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың 111 бетіндегі №21сабақтағы М. Мөңкеұлының «Әдептен озбайық» өлеңін оқып келу.
1. Бұл өлеңде не туралы айтылған?
2. Неліктен әдептілікті сақтау керек?
3. Достарыңның қандай әрекетінен әдептілікті байқап жүрсің? Мысал келтіріп бер.

1. Дәйексөз
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы
- Балалар осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
- Жақсы мінез дегеніміз не?
- Өз бойындағы жақсы мінезің саған өмірде көмектесті ме? Қалай?

 Хормен оқыту. Бір - екі ұл балаға және қыз балаға бөлек оқыту
 Жұмыс дәптерге жаздыру
 Оқушылардың жауаптарының негізінде қорытынды жасау

4. Әңгімелеу.
Ұстаз бен шәкірт
Өсиет әңгіме
Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:
– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?- деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:
- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.
– О - о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы.
– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.
– Асықпа, оны әлi - ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.
Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.
Ертесiне ата - аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата - анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:
– Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс - әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.
Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана:
– Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.
– Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата - анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек?

Мектеп К. Мендалиев атындағы ОЖББМ
Мұғалім Утегулова С. К.
Әдептен озбайық жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 71
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 70
Роботтар: 2
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика