Білімділер поралы

Өмірге риза болып, алғыс айт! тренинг

Өмірге риза болып, алғыс айт!

Мақсаты: Ата - аналармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру. Басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Тренинг
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекті құрал - жабдықтар: мультимедия, түрлі - түсті қағаз.

Жүру барысы:
Кіріспе сөз.
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.. Ендеше «Өмірге риза болып, алғыс айт» аты тренингімізді бастаймыз. Айтпақшы, РАХМЕТ!!!

Тренинг бағдарламасы:
1. Шаттык шеңбері
2. Ойланайық, пікірлесейік
3. Тыныштық сәті
4. Миға шабуыл
5. Аппликация
6. Сергіту сәті
7. Ойын
8. Қорытынды. Жүректен - жүрекке

1. Шаттық шеңбері
- Ал қане, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту керек.

2. Ойланайық, пікірлесейік
1. «Алғыс айту», «ризашылық білдіру» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3. Сіз көбіне қандай жағдайларда алғыс айтасыз?
4. Алғыс білдіру қиын ба, кешірім сұрау қиын ба?

3. Тыныштық сәті
Біз көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздері адамдардың жүрегін жылытады. Біз алғыс айтқан кезде көңіл - күйіміз көтеріліп жеңілдеп қаламыз. Ал ренжіген кезде керісінше ауырлық пайда болады. Сондықтан да біз бойымыздағы өкпе - реніштен құтылып, оның орнын алғыс сөздерімен толықтыру мақсатында тыныштық сәтін өткізейік.
(Классикалық музыка жіберіледі.)
- Көздеріңізді жұмып, денелеріңізді еркін ұстаңыздар.
- Демдеріңізді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар
- Енді соңғы кездердегі өкпе - реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідіңіз?)
- Осы өкпе - реніштер бұлт болып сіздің ішіңде орналасып алған екен. Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр. Енді сол жерге саусақтарыңызды апарып, өкпе - реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңіздер. Бірте - бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.
Енді оның орнын жақсы алғыс сөздерімен толықтырайық.
Мысалы: Өмір берген анама рахмет!
Бақытқа бөлеген Балаларыма рахмет!
Жұпар иісі аңқыған далама рахмет!
Күннің шуағындай осы жақсы алғыс сөздерді ішімізге орналастырайық.
Алғыс айту, ризашылық білдіру адамгершілік қасиет. Олай болса, оны жүрегімізге орналастырып алайық. Ендеше адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.

«Балақай» ерте жас тобы.
Тәрбиешілер: Тулегенова Б. А.
Кулмажитова Т. К.
Өмірге риза болып, алғыс айт! тренинг жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 174
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 174
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика