Білімділер поралы

Мінез - адам көрсеткіші

Тақырып: Мінез - адам көрсеткіші
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік. т. б.
9 сынып
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
- жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
- адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

2. Үй тапсырмасы.
«Балқар аңызы» әңгімені оқып, отбасы сыйластығы, татулығы туралы түсінік айту, сұрақтарына жауап беру.
Сабақтың тақырыбы таныстырылып, мақсаты айтылады. Оқушылар 4топқа бөлінді:
1 - топ: су, 2 - топ: топырақ, 3 - топ: от, 4 - топ: жел

3. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
Шал ақынның «Табиғат тылсымы» өлеңін оқып адам мінезімен байланыстыру.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға су нәсілі көп қосылса,
Жомарттық, шешен болмақ содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен.
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен
Адамға топырақ нәсілі көп қосылса,
Мінезінің ауырлығы содан екен
Адамзат төрт нәрседен болған екен.
Адамды төрт нәрседен қылған екен.
Адамға жел нәсілі көп қосылса
Дегбірсіздік, сабырсыздық содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен.
Адамды төрт нәрседен қылған екен.
Адамға от нәсілі көп қосылса,
Ашуланшақ болуы содан екен.
Мінез туралы өмірдегі ақиқатты баяндау.

Әңгімелесу.
*Неліктен «Мінез - адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыздар?
*Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
*Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
*жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыздар?

С. Сейфуллин атындағы орта мектеп.
Мұғалiм: С. Аманова
Мінез - адам көрсеткіші жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 184
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 184
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика