Білімділер поралы

Мен және менің анам

Мен және менің анам
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар!
Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту. мақсатында «Өзін – өзі тану Махаббат пен Шығармашылық» педагогикасы онкүндігі аясында «Мен және менің анам» тақырыбында сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, ана – құдіретті жан. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Олай болса бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызбен бүлдіршіндерімізге мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып, ортаға шақырайық!

Жүргізуші: - Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымыз бен балаларымызды қошеметтеп таныстырып шығайық.
1 - ші анамыз. Тажаякова Анаргул Алпамыс Мухаммад
2 - ші анамыз.
3 - ші анамыз.
4 - ші анамыз.
5 - ші анамыз
6 – ші анамыз
7 - ші анамыз
8 – ші анамыз

Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Сайысымызға әділ төрелік ететін әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: --------------
Мектеп директоры: -------------
Музыка пәнінің мұғалімі: ----------------

Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы үш бөлімнен тұрады.
1 бөлім. «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру
2 бөлім. «Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады» сұрақ – жауап сайысы
3 бөлім. Өнер сайысы

Жүргізуші:
Келе жатқан мәңгілік дара салтын,
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,
Өміріме оң беріп жарасатын дегендей бірінші сайысымыз «Тегін білмеген тектілік» анасы мен баласы өздерін таныстырып өтсе.
Әділқазылар мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
Жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көппіз деген мығымқылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік – деп сайысымыздың екінші бөлімі «сұрақ - жауап».

1. Қазақ қыз - келіншектерінің бас киімдерін ата? (бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, сәукеле, тақия, шәлі, т. б.)
2. Кимешекті кімдер киеді? (жаңа түскен келін)
3. Ер жігіттің қанша жұрты болады? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
4. Бөле деп кімдерді атайды? (Апалы - сіңлілі қыздардың балаларын бөлелер деп атайды)

1. Киіз үйдің шаңырағына жабатын шаршы киізді не деп атаймыз? (түндік)
2. Ою дегеніміз не? (Бір заттың бетіне түсірілген түрлі нақыш, бедер, өрнек, әшекей)
3. Шекпен деген не? (Түйенің иірілген жүнінен тоқылатын сырт киім)
4. Әйел адамдар мойнына тағатын сәнді бұйым не деп аталады? (алқа)

1. Наурыз көже қандай тағам? (Наурыз күнінде жеті түрлі дәмнен жасалатын ұлттық тағам)

2. Қымыз ненің сүті? (Қымыз биенің сүті)
3. Нағашы кімнің туысы? (ананың ағасы)
4. Балаңыздың сүйікті тағамы?

1. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
2.. Қасиетті сан? (жеті)
3. Жылқы малын жасына қарай қалай атайды? (құлын, жабағы, құнан, дөнен, бесті, ат)
4. Балаға кім сыншы? (ата)

1. Адамға ең жақын жан? (ана)
2. Нағашыларыңа сен кім боласың? (жиен)
3. Жеті қазынаға не жатады? (Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, жүйрік ат, қыран бүркіт, ақыл білім)
1. Қай құс өз атын қайталайды? (көкек)

1. Жеті ата? (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)
2. Киіз үйдің құрылысын атап бер.( Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық.
3. Атаңа сен кім боласың? (немере)
4. Бес қатер деген не? (от, жау, борыш, ауру, сөз)

1. Ана туралы қандай өлеңдерді білесің?
2. Түйе атасы? (ойсыл қара)
3. Домбыраның құрылысын атап бер.( Бас, құлақ, мойын, тиек, шанақ ойығы, түйме, пернелері.)
4. Бес қаруды ата? (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

1. Балаңызды еркелететін 10 сөзді атаңыз?
2. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз. (көкпар, алтыбақан, тоғызқұмалақ, ақсүйек, күрес, аударыспақ т. б.)
3. Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды атаңыз. (қымыз, шұбат, қатық, айран, құрт, ірімшік т. б.)
4. Отбасы мүшелеріне не керек? (татулық)

Әділқазылар мүшелерінен сұрақ – жауап сайысының бағасын тыңдасақ.

Жүргізуші:
Сайсымыздың 3 бөлімі «Өнер» сайысы.
Қайсы күйші, қайсы биші.
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Талаптарын табайық демекші, сайысымыздың келесі бөлімінде өнер сайысы: аналарымыз балаларымен бірігіп өнер көрсетпекші, соны тамашалайық.
Әділ қазылардан «Өнер» сайысының бағасын атап керсе.

Марапаттау
Қорытындылау
Бал анам, асыл анам, таңым анам!!!
Мен сеннен қуат алам, жалын да алам.
Күн болып, көңілімді күйге бөлеп,
Арнадың өміріңнің бәрін маған.
Аналарды құрметтейміз, елейміз,
Аспандағы ай мен күнге теңейміз.
О, аналар, сіздерді үлгі тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 54
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 54
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика