Білімділер поралы

Денсаулық құпиялары

Тәрбие сағаты 2 сынып
Тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Мақсаты: Оқушылардың өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарап, оны сақтауға үйрету, балалардың өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, А3 форматты қағаз, үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу, топтық жұмыс, ассоциация.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың, көк аспан,
Армысың, жан досым.
Сабақтың тақырыбын анықтау. Мақсат қою.
Сыныптан бір оқушыға оқыту. «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады.
Сонымен балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
- Дендерің сау болса, өздеріңді қалай сезінесіңдер?
- Егер ауырсаңдар ше?
- Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ауырады?
Топқа бөлу.
Қазір денсаулықты сақтау үшін не істеу керек, және оған не зиян екенін анықтаймыз. Ол үшін ойын ойнаймыз. Ойынның аты: Денсаулықтың достары мен дұшпандары деп аталады. Оны сендер берілген тапсырманы орындау арқылы өздерің анықтайсыңдар.
Екі топқа ассоцияция беру.

Дайын болған жұмысты қорғау.
Сонымен денсаулықтың достары мен дұшпандары не екен?
Бір - бірімізді бағалайық.

Жұмбақ шешу.
1. Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
2. Бір - бірімен дос туыс,
Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)
3. Жарасы жоқ сыздайды,
Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)
4. Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір, ласың
Тап - таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
5. Шомылған баланы
Аймалап алады:
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
Бұл не? (Сүлгі)

Мақал - мәтелдерді жалғастыр:
- Дені саудың – жаны сау.
- Денсаулық зор байлық.
- Ас - адамның арқауы.
- Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жолын ізде.
Жағдаят.
1 - жағдаят. Кеше Асанға әжесі алма берген болатын. Ол оны бірден жеп қойды. Кешке Асанның іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар неге?
2 - жағдаят. Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау - бақшасы, ақшасы бар. Талғатты бай деп айта аламыз ба?

Қорытынды сұрақтар:
- Тіс емдейтін адамды кім дейді?
- Көз көрмегенде киетін зат қалай аталады?
- Тіс тазалайтын құрал?
- Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ.
- Жалқаудың досы не?
- Таза жүретін баланың достары нелер?

Бекіту: Екі топқа «Денсаулық» сөзін беру. Бір топ денсаулық сөзін құрастырады, келесі топ денсаулық сөзін бұзады.
Не байқадыңдар, құрған жеңіл ме, әлде бұзған ба?
- Дұрыс, «Ауырып ем іздегенше, айырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулықты күткен дұрыс. Оны сақтау керек. Себебі ол біздің басты байлығымыз. Сабақ аяқталды. Рахмет.
Денсаулық құпиялары жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 67
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 67
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика