Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайсарлық пен батылдық

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Қайсарлық пен батылдық
Мақсаты: қайсарлық пен батылдықтың адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру
Міндеттері:
• «қайсарлық», «батылдық» ұғымы туралы түсіндіру;
• ерік - жігер, табандылықтарын дамыту;
• қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберге тұрып, М. Шахановтың «Ерлікке шақыру» атты әнін аудиокассетадан тыңдайды.

Оқушыларды топқа бөлу:

1: Ұлы Отан соғысының батырлары
2: ХУІІІ ғ. батырлар
3: жергілікті батырлар

Ерекше амандасу: Топ болып, бір - бірімен саусақтарын біріктіру арқылы жұлдызша жасау, амандасу, сәттілік тілеу.
Топқа бөлінудің астарын түсініп, оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып алады. Топқа бөлуде бұл есімдердің жайдан - жай алынбағанын сездіру үшін жекелеген кейіпкерлерге қатысты қосымша сұрақ қоюға болады.
сұрақ
1. Б. Момышұлы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ берілмеді. Неге?
күтілетін жауап: «Момышұлы» болғандықтан. Ал батыр атақ үшін «Момышов» болудан бас тартты. Тәуелсіздік алған соң «Халық қаһарманы» атағы берілді.
2. Көтібар есімін айтқанда балалар күлуі мүмкін, сондықтан есімнің қойылу сырын түсіндіру қажет
- Неге батырға осы есім қойылды?
күтілетін жауап: дүниеге келгенде Саңырық әулиеден балаға ат қоюын өтінеді. Әулие есік алдындағы әйелдерден:
- Келін не бала туды?- деп сұрайды.
- Көті бар бала туды,- дейді. Әулие:
- Құдай аузыңа салған шығар, аты Көтібар болсын,- депті.

Әңгімелесу:
● Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың?
● Жиі тәуекелге барасың ба?
● Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласың ба?
● Адам неліктен көзсіз ерлікке барады?

Мәтінмен жұмыс:
Өмірде кездесетін қиыншылықтарды дұрыс қабылдап, олардың шешімдерін таба білу қажеттігін ұғындыра түсу мақсатында мәтінмен мұғалім таныстырады (флештренинг).
● Қандай ой түйдің?
● Өзің ерік - жігеріңді шыңдаудың қандай амалдары мен жолдарын жасар едің?
Дәйексөз: Ерге керек төзімділік күш - қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Ж. Баласағұни.
Жаңа ақпарат:
Оқушылар оқып, өз ойларын толықтырады.

Бейбіт күннің батырлары туралы ой қозғау
Тапсырма: Дәптердегі 2 - тапсырманы орындау, мұғалім интерпретация жасайды.

Шығармашылық жұмыс: жоба қорғау
1. Өмір ерлікке толы
2. Адам рухының күштілігі мен әлсіздігі
3. Мен нені таңдаймын?
Жобаны қорғау. Көрші топ бақылау парағы бойынша пікір білдіреді.
мазмұны----- эстетикалық талғамы---- идея ----- өмірмен байланыс ---- топ мүшелерінің белсенділігі -----ойды жеткізе алуы ---- сұраққа жауап беруі
Үйге: Сұхбат алуға жоспар құру

Ерекше пікір: Оқушылардың есімдері тұрған тұсқа өз қалаулары бойынша жұлдызша жабыстырады. Кім көп жұлдыз жинаса, сол - көшбасшы (мадақтау).
Шеңберге тұрып, оқулықтағы өлең жолдарын хормен айту.
16 600
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ержүрек қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Алматы қаласы, № 178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борибаева Айжан Сауытбековна
Батылдық пен өжеттік
Батылдық пен өжеттік
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Батылдық пен өжеттік
Батылдық пен өжеттік
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×