Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің шұғылалы әлемім

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Менің шұғылалы әлемім
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуын, жеке тұлғаның дербестігін көрсету, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыру, балалар мен жастардың ізгілік сезімдер жүйесін және адамгершілік мінез - құлықтарын қалыптастыру.
Міндеті: Салауаттану және өзін - өзі тану пәні бойынша мұғалімнің міндеті – оқушының жан дүниесіне бойлай еніп, оны тазалық пен адами жақсы қасиеттерге баули білу.

1. Сәлеметсіздер ме, Бүгінгі аудан көлемінде өткізгелі отырған тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
2. Осындай әлем бар,
Қызықты, шуақты
Әлемде әр ел бар,
Бақытты, қуатты.
3. Ондағы балалар.
Жайдары, көңілді, - дей отыра
Шұғылалы әлемнің таңғажайып жолдарымен батыл аттай отырып, ғажайып аялдамаларға саяхат жасаймыз.
Шұғылалы әлем адамның жаны, жүрегі, сезімі.
Нұрланып, айналасына жақсы шұғыласын шашуы.

Ендеше балалар алдымен шаттық шеңберіне тұрайық. Осы сағатты қазір жақсы сөз тілек айтудан бастайық.
(Әуен)
Қиял - ғажайып, қызықты және жұмбақты әлемге аттанайық.
Алғашқы аялдамамыз
І Жылылық жанұядан басталады.
ІІ Менің рухани дүнием
ІІІ Денсаулық – зор байлық
ІV Туған жер – алтын бесік
атты аялдамаларға тоқтаймыз.

Алғашқы аялдамамыз «Жылылық жанұядан басталады». Жанұя – сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді, жақсы іске жетелейді, еңбектенуге, білім алуға көмектеседі, үлкендерді құрметтеуге ізет білдіруге тәрбиелейді.
«Жылылық жанұядан басталады» дегендей жанұя – бір үйде бір - біріне туыс және жақын жандардың өмір суруі:
1 - оқушы: Ата - асқар тау
Ана – бауырындағы бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ
Жанұя деп отбасына жататын ата - әже, әке – шеше, аға – апа, қарындас. Осыған орай жеті ата тарайды: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Жанұяның бірлігі жадыраған күн нұры дей келе батыр анамыз ақ жаулықты әжеміз Күлтай апа, сөз кезегін сізге береміз.
Күлтай апа:
Ата болып, ақыл айтып көріңдер
Әже болып, ертегі айтып беріңдер,
Әке болып, еркелетіп көріңдер.
Ана болып, мейірімділік төгіңдер,
Аға болып, үлгі көрсетіп кішіге,
Іні болып, көмектес сен ісіне,
Әпке болып, мейіріңмен аяла,
Қарындас болып, бауырыңа саяла.
Ән:
2 - оқушы: Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген,
Балдан тәтті, бал әжем.
3 – оқушы: Аға деген, іні деген -
Барлығы бір туысқан,
Аға деген, іні деген
Жаралғандай құрыштан.
Анаң – күнің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана, қорғаның.
Сен – бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын. – дей отыра келе «Менің рухани дүнием» аялдамасына аттанамыз. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.
«Менің» жанымның жұмбағы - әлі ашылмаған, анықталмаған немесе адамның іште сақтаған құпиясы. Сондықтан балалар, ойланыңыздар. Сен кімсің?
Сен қандайсың? Сенің жаныңда қандай жұмбақ бар? Әңгімелеу.
Оқушылар:
Ж: Мен жауапты, сүйкімді, сенімді, ақылды, мейірімді, жанашыр, адал, тыңғылықты.
Адам сегіз қырлы, бір сырлы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
4 – оқушы: Сегіз қырлы дегеніміз адамның түрлі өнерге, білімге, ғылымға үйренуі. Бір сырлы дегеніміз – жалықпай ізденуі, еңбек етуі. Біздің арамызда да сегіз қырлы, бір сырлы оқушылар да бар. Мысалы: Айдана, Асылтас, Алтынгүлдер билесе, Диас ән айтады.
Өнер: Би: «Гүлдер»
Ән: «Әкеме» Диас
Осымен балалар «Менің рухани дүнием» аялдамасы толық ашылды деп ойлап келесі «Денсаулық – зор байлық» аялдамасына тоқтайық. Денсаулық – адам денінің жағымды жағдайы, оның дұрыс және бір қалыпты іс әрекеті.
Ал, балалар «Денсаулық – зор байлық» дегенді қалай түсінесіздер?

Өз ойларыңызды жазыңыздар. (Шығармашылық жұмыс)
Бір шумақ өлең ойланып жазыңдар.
Сіздерге берілетін тапсырма. Күннің сәуле шуақтарына денсаулық құндылығын қалай түсінетіндігіңізді жазыңыздар.

Ертеде адамдар тәнді тазартып, жанды жасартатын. «Емдік сусын» ойлап тапқан екен. Осы сусын адамға шын көмектескен деседі. Ал, сіздер оған қалай қарайсыздар? Сіз де өз «Емдік сусыныңызды дайындап көріңіздер. Оның құрамына енетін денсаулық құпияларын жеке - жеке ыдыстарға жазып шығыңыздар.

5 – оқушы: Тазалықтан, салқын судан
Қорқады екен жалқаулық
Шымыр болып шыныққанда
Сақталады екен денсаулық.
Жаны саудың - дені сау дей отыра денсаулықтың басты кепілі – таза ауа, суық су және еңбек екенін есте сақтай отыра салауатты өмір сүрейік. Сонымен соңғы «Туған жер – алтын бесік» аялдамасына жеттік.
Кең екенін ғаламның
Аңғардың ба зер салып?
Туған жер алтын бесіктің
Түрі де өзге соншалық.
Халқымның алтын қазынасы. Халық – мемлекетті мекендеген жергілікті жұрт, ел тұрғындары. Халық – туған жердің ең баға жетпес қазынасы. Халық қазынасы - халықтың тілі, мәдениеті, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлері, ауыз әдебиеті.
Бақыт дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?
6 – оқушы: «Үш бақытым»
Ендігі сіздерге берілетін тапсырма халқымыздың рухани қазынасы мен материалдық байлықтарды анықтап екі жүйеге бөліп іліңіздер.

Ән: «Достарым» (Махамбет, Диас)
Өлең: Мен жастарға сенемін. (Жансерік)

Жүректен - жүрекке (Жүрекшеге жақсы тілектер жазылған сөздерді қонақтарға тарату)
«Біздер, қандай ата – ана болсақ та балаларымыздың әр қайсысы қабілетті, тапқыр, талапты басқа балалардан кем емес, керісінше артық болғанын қалаймыз. Адам деген биік атақты өмір бойы сын – сынақтардан шаң тигізбей алып өтуі хақында арман етсек деймін.
С. А. Назарбаева

Елбасымыз айтқандай, болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, өзін - өзі таныған, экологиялық сауатты, ауасы таза, көкжиекті дамыған елде тұруы керек.
1. «Салауатты өмір салтын бала кезден бастайық.
Салауатты өмір салтын халық болып қоштайық!»
2. Сабақты оқып тәртіпті болу, білімді жинап дүниені шолу,
Өзіңді - өзің тану дегенің, өз бойыңдағы мініңді жою.
21 413
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары
Мен және менің әлемім
Мен және менің әлемім
Балалардың өзіне деген құрметін қалыптастыру. Өз әлемін мейірімділік әлемімен байланыстыру. Балалар бойына ізгілік сезімдер мен адамгершілік мінез - құлықтарын қалыптастыру. Жақсылық жасауға, өзін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым - қатынастарын байыту. Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс - әрекетке тәрбиелеу.
Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг
Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг
Адамдардың бір - бірімен қатынасын оңтайландыру, өзара іс - әрекет дағдыларын дамыту, басқалардың пікірі, көзқарасымен санаса білу, жеке басты демалдыру арқылы өзіндік талдау жасауын қалыптастыру.
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×