Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабырлылық пен ұстамдылық

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың мақсаты: «сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарының құндылығы мен маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- сабырлылық, ұстамдылық және мінез - құлық мәдениеті туралы түсінік беру;
- адамдармен дұрыс қарым - қатынас жfсай білу қабілеттерін дамыту;
- өз сезімдері мен көңі - күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО технологиясына негізделген сабақ
Сабақтың әдісі: пікіралысу, әңгімелесу, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірме материалдар

Сабақтың жоспары:
І. Қызығушылықты ояту
а) Ой шақыру
б) Ассоциация құру (дәптермен жұмыс)
ІІ. Мағынаны тану
а) Мәтінмен жұмыс
б) Түсініктеме (жаңа ақпарат)
в) Шығармашылық жұмыс
ІІІ. Ой талқы.
ІҮ. Қорытынды

Шаттық шеңбері:
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Өте керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.
Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма не залал ма - ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек. (Ш. Құдайбердиев)

І. Қызығушылықты ояту
а) Ой шақыру
1. Сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп ойлайсыңдар?
3. Сабырлылық сақтағанда қандай күйде боласыңдар?
4. Өзің ұстамдылық таныту үшін не істедің?
б) Ассоциация құру (дәптермен жұмыс)
Сабырлылық, ұстамдылыққа байланысты қандай сөздерді білесіңдер?
Сабырлылық, ұстамдылық, шыдамдылық, сабырсыздық, ұстамсыз, шыдамсыз.

ІІ. Мағынаны тану
а) Мәтінмен жұмыс: “Жан жарасы жазылмайды” (аңыз әңгіме)
Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.
● Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа үйретті?
● “Ашуды ақылға жеңгізе біл” дегенді қалай түсінесіңдер?
● Ашуланған кезде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

б) Түсініктеме (жаңа ақпарат)
Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін - өзі ұстай білу – сабырлықтың белгісі. Қандай жағдайда болмасын қызбалыққа салынбай шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдылықпен қарау – ұстамдылықтың белгісі.

в) Шығармашылық жұмыс
Ұстамдылық – әдептің ұстазы,
Ұстамсыздық – әлектің нұсқасы. Дәйексөздің мағынасын жазыңдар

а) Мәтінмен жұмыс
«Сабыр түбі – сары алтын» аңыз әңгіме
Ертеде бір хан өзінің шабарманын көрші патшалыққа жібереді. Шабарман көрші патшаға шауып келіп, ентігін баса алмай:
- Менің әміршім... сізге «қылаң сәйгүлік беріп жіберсін» дейді... Егер ондай сәйгүлік болмаса...
- Әрі қарай тыңдағым да келмейді,- дейді патша шабарманның сөзін бөліп.- патшаңа айта бар, менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса...
Осы жерге келгенде ол кідіріп қалады. Шабарман осы уақытқа дейін өз әміршісімен тату қарым - қатынастағы көршісінен мұндай сөз естігеніне сасып қалады. Сарайдан қалай атып шыққанын да байқамай, жауабын тезірек жеткізбек болып, кері шабады.
Патша көршісінің сәлемін естіп, қаны басына шығып, көрші патшалыққа соғыс жариялайды. Соғыс ұзаққа созылады, екі жақ та әбден шаршайды. Ақыры ұзақ соғыс титықтарына жеткен екі жақ та келіссөз жүргізбекші болады. Келіссөз кезінде екінші патша:
- «Қылаң сәйгүлік беріп жіберсін, болмаса...» дегенде не айтқың келді?- деп сұрайды.
- «... басқа түсті ат берсең болады» дегім келген, бар болғаны сол ғана. Ал сенің «менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса...» деген жауабыңды қалай түсінуге болады.
- «... тату отырған көршіме міндетті түрде сыйлар едім» дегенім ғой.

● Екі патша неліктен келіспей қалды?
● "Сабыр түбі - сары алтын" дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінге түйіндеме:
Сабыр – ақыл - парасаттың белгісі,
Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.
Бастарда істі байыбына барып ал,
Асыққандар күйінер де жаңылар. Ж. Баласағұни

в) Шығармашылық жұмыс
Венн диаграммасы. Әркім жеке қасиеттер деген жерге өз бойларындағы қасиеттерді жазады. Ал ортасына екеуіне де ортақ қасиеттерді тізіп шығады.
Жеке қасиеттер
Ортақ қасиет
Жеке қасиеттер

б) Түсініктеме
Сабырлы және ұстамды адам: басқаның сөзін байыппен тыңдайды, өз ашуын тежей біледі, әр ісін ойлап, ақылмен шешеді.

ІІІ. Ой талқы
Ой толғаныс жазу. Не білдім? Не үйрендім?

ІҮ. Қорытынды. Жүректен жүрекке
Алтыншы қымбат нәрсе сабыр деген,
Сабырлы адам мұратын табар деген.
Әр істе сабырсыздық түбі – қорлық,
Сабырсыздық басқа бәле салар деген... А. Мұхамедиярұлы
Балалар шеңберде бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
27 662
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сабыр түбі – сары алтын
Сабыр түбі – сары алтын
Ертеде бір қарияның, ашушаң, ұстамсыз ұлы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп: - Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде суырып аласың,- дейді.
Сабырлылық пен ұстамдылық
Сабырлылық пен ұстамдылық
Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
ШҚО,"Зырян қаласы, №9 орта мектеп"КММ өзін - өзі тану пәні мұғалімі Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Сабыр түбі - сары алтын
Сабыр түбі - сары алтын
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №15 қазақ орта мектебінің өзін өзі тану Сейткалиева Светлана Несипбекқызы
Қанағат, рақым ойлап қой!
Қанағат, рақым ойлап қой!
Қызылорда обл, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×