Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеміс-жидек отырғызу

31 мам 2013, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жеміс - жидек отырғызу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға көкөніс шаруашылығы туралы
түсінік беру, өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру, жұмыс істеген;
ә) дамытушылығы: Жұмыс істеген кездегі техникасын, ережелерін сақтауға. Күзгі топырақты өңдеуді жүргізуді, жемістерді өсірудің технологиясын түсіндіру;
б) тәрбиелілігі: Танымдық қызығушылығын арттыру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, қауіпсіздік ережесін сақтауға.
Сабақтың көрнекілігі: күрек, тырнауыш, айыр, шелек.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Орамжапырақтарды күтіп баптау ережелері.
1. Орамжапырақтың 2 - 3 сортының айырмашылығын айтып беріңдер?
2. Балалар жылдың қай мезгілі? Күзде не істейміз?

Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жеміс - жидек отырғызу. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жеміс - жидек отырғызу. Сабақтың мақсаты күзде отырғызылатын жеміс - жидектермен таныса білу, олардың түрін білу, отырғызуды үйрену.
Жеміс - жидек дақылдары екіге бөлінеді:
1. Шырынды
2. Қатты

Оған жататындар:
1. Ағаш, бұта, көкжылдық тропик (банан, ананас)
2. Бүлдірген (клубника, жүзім)
Жалпы барлық жеміс - жидек 6 топқа бөлінеді:
1. Шекілдеуікті (алма, алмұрт, айва шетен)
2. Сүйекті (шие, өрік, шабдалы)
3. Жидекті (бүлдірген, құлпынай, таңқурай, жүзім, қарақат)
4. Жаңғақты
5. Цитрусты (апельсин, мандарин)
6. Субтропиктік

Осы аталған жеміс - жидектердің барлығы бізде өспейді. Бізде өсетін өсімдіктер: алма, шие, жүзім, бүлдірген, алмұрт)
Осы өсімдіктерді қай мезгілде отырғызамыз, не істеуіміз керек. Жерді таңдап арам шөптерден тазалаймыз, тегістейміз. Тамыз айының аяғында жерді жыртып, көң себеміз. Жеміс ағашын көктемде бүршік жарғанға дейін, күзде қыркүйек айының соңында отырғызады. тамырын құрғатпау керек. Жеміс ағашын отырғызуға кезде түбіне көң салу керек, құнарлы топырақ салу керек. Тамырды топырақпен жапқан кезде көшетті аздап сімшиді, сонда топырақ тамырға жақсы жабысады. Көшетті өте терең отырғызуға болмайды, себебі ауа бармай қалады.
Отырғызылған кейін суарылады. Әр түпке 3 - 4 шелек су құйылады. 1 - 2 күн өткеннен кейін көшеттер түзетіліп, топырағын қопсытасың.

Бекіту:
1. Балалар біз бүгін қандай жеміс - жидектің түрлерімен таныстық?
2. Жеміс - жидектерді қалай отырғызамыз?
3. Жылдың қай мезгілінде отырғызамыз?
4. Осы жеміс - жидектердің адам организміне қандай пайдасы бар?
Қорытынды: Балалар, ағаштарды қалай отырғызу керек екенін үйрендік. Өздеріңнің аулаларыңа отырғыза аласыздар ма? Көшетті отырғызған кезде қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек.
Сабақ аяқталды.
16 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз
Алтын күз
Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Күз сыйы
Күз сыйы
Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың білімдерін қалыптастыру.
Бізге күз не алып келді
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Математика қайталау
Математика қайталау
Атырау қаласындағы №9Ш. Уәлиханов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманбаева Ақмарал
Жидек дақылдары
Жидек дақылдары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Күзгі өнімді жинауға арналған себет
Күзгі өнімді жинауға арналған себет
Тәрбиеші: Тулегенова Толқынай Купжасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×