Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кешірімшілдік көңіл кеңдігі

27 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Кешірімшілдік көңіл кеңдігі
Құндылығы: сүйіспеншілік
Сабақтың мақсаты: Айналада қоршаған адамдарға кешіріммен сүйіспеншілікпен, түсіністікпен, ізгілікпен қарау адам бойындағы жақсы қасиеттер екенін түсіндіру.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, ақ қағаз, дәптер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі

І. Тыныштық сәті.
Орманға ойша серуен. Баяу әуен қойылады.(Ескерту: егер бұл сабақты ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан үй тапсырмасын тексеру мақсатында, алдын ала оқып келуге берілген. М.Мақатаевтың «Күндестік құрысын»өлеңіне сұрақтар қою.
● Адамдар арасында реніштің тууына не себеп болады?
● Күндестік, бақталастық деген сөзді қалай түсінеміз?
● Адамдарға тек қуаныш сыйлау керек деген пікірмен келісесің бе? Неліктен?
● Ақын бізге не айтты?

ІІІ. Дәйек сөз
Сабақтағы берілген тақырыпқа байланысты, оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтып үйрену мақсатында А. Йгүнекидің «Кешіре білген адам - күшті адам» деген қанатты сөзіне көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талдауға ұсынылады.

Қорытынды сөз: Кемшіліксіз адам болмайды. Білместіктен тәжірибесіздіктен қателесулер болады. Қателесу - кінәлі болу, Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап, қатесін түзете білу ақылдылықтың, қайраткерліктің белгісі.

ІV. Әңгімелесу
Оқушылардың берілген тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу, тәлім - тәрбие алу, адамдық құндылықтарды үйрену мақсатында. Төле бидің тоғыз жасар Жетеске берген батасын айту.
Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады, оданда өлмейтін, өшпейтін, көкейден еш кетпейтін батаңызды беріңіз - дейді. Сонда Төле бидің батасы: (Оқушылар қолын жаяды)
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атаса болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала
Өзегің талса, өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!
Өзіңе өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі баста ұстанымы, қағидасы болған?
Қазақ данышпандарының осы бағытта айтқан қандай ұлағатты сөздерін мысалға келтірер едіңіздер?
Осы батадан қандай ой түйдіңіздер?

V. Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға тек қана ақпараты беріп қана қоймай, өз бетімен іздену мақсатында өлең жолдарын өз ойларымен құрастыруға беру.
Тұрғанда сан алуан ғасыр күдік,
Тәрбиеге береді..........................
Адамдық, азаматтық, ақ көңілділік,
Әркімге ең қажет.............................
Бәрімізден табылса құп жарасар.
....................................., рақымдылық.
Бәрінің бастауы -.............................
Тереңірек ой....................................

VI. Топпен ән айту
Оқушыларды бір сәт сергіту мақсатында, Жарылқасын Дәулеттің әні «Қазақ елі» әнін айту.

VII. Дәптермен жұмыс
Дәптерде төмендегі дей тапсырма берілген:
Бірінші бағанға өзіңе жақын адамдарда жазыңдар. Екінші бағанға жақын адамдарыңнан не күтесің, соны тізбектеп жазыңдар.
Жақын адамдар Олардан не күтесің?

VII. Үй тапсырмасы
12 - сабақтағы «екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу.
VIII. сабақты қорытындылау,
Тыныштық сәті. «тыныштық әні»
9 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам жанының сұлулығы
Адам жанының сұлулығы
Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.
Ар – намыс керек адамға
Ар – намыс керек адамға
Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Бәрі де махаббаттан басталады
Бәрі де махаббаттан басталады
Махаббат - достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай «Махаббатсыз дүние - бос» деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты.
Ар - ұждан – адамдық өлшемі
Ар - ұждан – адамдық өлшемі
Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами әділеттілік қасиеттердің өлшемі екенін таныту. Оқушыларды оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу үшін, өмірлік әрекетіне, өз мінез-құлқына сараптама
Ізгілікке бастар жол
Ізгілікке бастар жол
- оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру; - оқушыларды ізгі іс істерге жетелейтін адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерін дамытуға ықпал ету; - мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.
Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Оқушыларға бауырмалдылық және кеңпейілділік ұғымдарының мәнін кеңінен аша отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×