Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Адам болам десеңіз...» тренинг-сабақ

12 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
«Адам болам десеңіз...» тренинг - сабақ
Мақсаты: Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру. Адамзаттық құндылықтар бойынша дөңгелек үстел өткізу. Оқушының өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге, өзін - өзі тануға ұмтылу.
Күтілетін нәтиже: Оқушының адам бойындағы құндылықтарды игеруі.
Жоспары:
1. «Адам қандай болу керек?» сауалнама
2. «Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?» ситуациялық жағдаяттар.
3. «Адамды әділетті деуге бола ма, егер.......?» тексеру тесті
4. «Өмірдегі ең басты мәселе не?» проблемалық сұрақтар
5. «Адам болам десеңіз......» жаднама
6. Қорытынды

Барысы:
1. «Адам қандай болу керек?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізу.
- Өмір дегеніміз жақсы ма, жаман ба?
- Өмірдегі менің мақсатым не?
- Келешекте мен өз өмірімді қалай құруым керек?
- Мен тамақ ішу өмір сүремін бе немесе өмір үшін тамақтанамын ба?
- Мен кіммін?
- Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?
- Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?
- Мен қандай болуым керек?

2: «Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?» ситуациялық жағдаяттар.
1 – жағдай:
- Сіз үйіңізден маңызды кездесуге бет алғаныңызда, кенеттен телефон шылдырлайды. Телефон шалып тұрған сіздің ең жақын досыңыз, өзінің сәтсіздікке душар болғанын хабарлайды. Сіз не істемексіз, досыңызға көмек беруге ұмтыласыз ба, әлде өз шаруаңызға бет аласыз ба?
2 – жағдай:
- Сізді достарыңыз кешке шақырды. Оған сіздің барғыңыз келіп тұр. Бірақ, ата - анаңыз біліп қалса, сіздің пікіріңізді қоштамайтынын анық білесіз. Сонда не істемексіз?
3 – жағдай:
- Сен құраққа дайын емессің, бірақ оның белгілі себептері бар. Мұғалім саған жаман баға қойды. әділ екеніңді өз тарапыңнан қалай дәлелдер едің?

3. «Адамды әділетті деуге бола ма, егер.......?»
Тексеру тестін жүргізу.
- Сыныптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып, ызаландырып тиіссе,........
- Басқалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса,..........
- Ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білетін болса,...........
- Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда, оған ара түспесе,..........
- Әрқашан өзінде барды тең бөліссе,..........
- Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса,...........
(Сұрақтарға оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 840
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Абай "Адам болам десеңіз"
Абай "Адам болам десеңіз"
Абайдың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Адам болу — арманым
Адам болу — арманым
Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. - Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Cаулебаева Ләззат
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.