Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік - адамгершілік бастауы

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
9 сынып
Тақырыбы: Әдептілік - адамгершілік бастауы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым - қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
- оқушылардың этикалық қарым - қатынастарын дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих бейнелеу, психология

Шаттық шеңбері: Әдеп (Ғ. Қараш)
Жігіттер, жаның жаста әдеп үйрен,
Қаш жырақ, әдебі жоқ істен ширек
Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың,
Әдепсіз, жоқ мінезі тәңірі сүйген

Ойланайық, пікірлесейік
1. “Әдептілік – адамгершілік бастауы”дегенді қалай түсінесің?
2. Өз іс - әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
3. Әдепті адам бойында қандай қасиет болуы қажет?

Әдептілік әліппесі
Н. Шакузадаұлы
.. Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады.
Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады.
Бұл жол - әдептілік жолы.
Ал, әдептілік адамның ішкі жан дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет - әлпетінен, сондай - ақ тұлға -
мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады.

Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір - қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Адам - өз өміріне өзі қожа. Өйткені, ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады. Бұл да әдептілікке байланысты. Себебі адамды әдептілік басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Олай болса, адам әдеп нормаларын аттап кетпей, өзінің барлық іс - әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда, мінез - құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда, өзін - өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі, тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.

Ой толғаныс
• Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?
• Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады?
Дәйексөз
Инабат - ердің азығы,
Бақыт пенен дәулеттің
Ұстайтұғын қазығы. (Қ. Әбубәкір)

Жағдаяттарды талдау
Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған үлкен кісілер: - “ Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады ”- деп бір – біріне мақтай бастады.
- Арманның айналасына ерекше көрінуінің сыры неде?
Қонақтар шақырылған уақытта бәрі жиналды. Қонақтардың бәрі де бірін - бірі жатырқамай, тез шүйіркелесіп кетті.
Әңгіме күнделікті қажетті заттардың қымбаттауы туралы айтылған кезде, осы үйді ұлы Самат та үлкендердің сөзіне араласып, өз ойын білдірді: - Иә, тіпті базардағы тамақ та қымбаттап кетіпті. Оны анам екеуміз базарға барғанда бірақ білдік. Тіпті, өрік – мүйізді алмай - ақ қойса болмай ма?- десем, “Қонақтардан ұят болады, олар бізді жағдайы жоқ екен деп ойлап кетпей ме ”- деді... Қонақтар бір - біріне қарады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 957
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен әдепті баламын
Мен әдепті баламын
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Қарым-қатынас – ізгілік пен адамгершілік бастауы
Қарым-қатынас – ізгілік пен адамгершілік бастауы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 161 Ынтымақ орта мектебі Физика және математика пәнінің мұғалімі Сейтова Алма Пернебекқызы
Әдеп үйірме сабағының күнтізбелік жоспары
Әдеп үйірме сабағының күнтізбелік жоспары
Бағдарламаның авторы: «И. Искандеров атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Асипова Русиям Касимовна
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдептілік – адамгершілік бастауы
Әдептілік – адамгершілік бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие бастауы «Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі» Халық мақалы Мақсаты: 1.Адамгершілікке,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×