Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілім - менің тірегім

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Тілім - менің тірегім
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. С. Торайғыров
* Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
* Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;
* Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына»атты үш үлкен қақпа.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Сабақ тақырыбымен таныстыру және өлеңді бірге айтуды ұсыну.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.

Ана тілім – елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Сахналау:
Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылды.
Ортаға патша рөліндегі бала мен уәзірлері шығады.
Патша: тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.
Мұғалім: - Сонау бесінші – алтыншы ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуірін айғақтайды.
Патша уәзірлерімен «Ғұламалар»қақпасына келеді. Бұл жерде қазақтың маңдайына біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған топтамалар көрсету.
Патша: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Бір оқушы: Д Әбіловтың «Туған тілім» өлеңін мәнерлеп айтып береді.
Өлеңнің әрбір жолын талдау:
*Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?
*Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?
*Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
Патша жайлап «Қазына» қақпасына жақындайды.
- Бұл қандай керемет болды екен, а?!
Қақпа ашылмайды. Патша ашуланып менің кім екенімді білмейді – ау шамасы,- деп қақпа есігін қағып – қағып жібереді. Сонда арғы жағынан тілдей қағаз түседі.
Дүниеде не тәтті?
Дүниеде не ащы?
Патша – Мұның мәнісі неде? – деп оқушылардан сұрайды.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: мұның жауабын білу үшін Данышпан атаға хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді.
О, хан ием! Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
Сол уақытта қақпа ашылады. Бақтағы бұлақ басынан! ана тілім – қазынам» деген жазуы бар кітапты патша қолына алып, парақтап қарай бастайды.
- Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелдерді аяқтай керек.
1. Өзің білмегенді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,.....................
2. Өнер алды -............................
3. Жіптің ұзыны, сөздің...... жақсы.
4. Піл күшті,
Піл күшті емес,.......... күшті.
5. Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы........ тарайды.
6. Жүйелі сөз – жүйесін табар,
Жүйесіз сөз -............
Патша: Ойпырмай! Тілдің құдіреті осы де. Балар сендерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін - деп шығып кетеді.

Дәйексөз:
- Балар, сахналау арқылы және өмірден түйгенімізден ұққанымыздан тіл балаға ананың сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді. Олай дейтініміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп. оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екендігін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Сондықтан да Ақын С. Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім»,- деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.
Жаңа ақпарат:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әр - бір азаматтың міндеті».
Тапсырма:
«Ана тілің – арың бұл»деген сөзді түсіндіру.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алу және өмірде қолдану.
Жүректен жүрекке:
Балалар ана тіліне деген махаббатын өлең жолдары арқылы білдіреді. Бәрі бірлесе отырып өлең жолдарын қайталайды: Б. Үсенбаев. «Жүрегімнің бөлшегі».
5 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тілім - менің тірегім
Тілім - менің тірегім
Ана тілім - ұраным, Ана тілім - құралым. Ана тілім болмаса, Болмас еді жыр - әнім. Ана тілім - елдігім, Ана тілім - ерлігім. Ана тілім болмаса, Бүтінделмес кемдігім...
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×